Конституция  күнінде қоныс тойын  тойлады. Таразда мерекеге орай 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндебой көтерген тұрғын үйлердің берілу салтанатына аймақ басшысы  Асқар Мырзахметов қатысып, пәтер иелеріне кілттерді табыстады. Шаһардың 15-ші шағын ауданынан жаңа баспанаға  ие болғандардың дені көпбалалы жанұлар мен толық емес отбасылар.

Қала халқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Сол себептен де өңірімізде баспанамен  қамтамасыз ету бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын ауданын атап өтуге болады. Бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген көрікті мекенге айналды. Бұл күні барлығы 720 пәтер пайдалануға берілсе, оның 200-ге жуығы бағдарлама арқылы банктің тиісті шешімін алған. Қалғаны алдағы уақытта «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы берілетін болады.

  Асқар МЫРЗАХМЕТОВ   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Халықты баспанамен қамту мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі екендігін білесіздер. Соған байланысты биыл тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысына 18 млрдқа жуық қаржы бөлінді. Сол қаржыға 30 тұрғын үй және 24 инфрақұрылым жобаларының құрылысы бүгінде жүргізілуде. Нәтижесінде жылдың қорытындысымен 2175 отбасын пәтермен қамтуды біз көздеп отырмыз. Берілетін баспалалардың басым көпшілігі көпбалалы отбасы екендігін де айта кеткен жөн.

Баспана алу кезегінде тұрған жандардың бірі — Имашев Марат. 2007 жылдан бері әскери қызметші. 3 ер баланың әкесі. Өз үйім болса дегендердің қатарында. 2014 жылы мемлекеттік «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясындатұрғын үй алуға   қаржысын жинап бастайды. Ал осыған дейін жадамалы пәтерде тұрып келген. Сол себептен де өз шаңырағың болмағанның машақатын жақсы білем дейді ол. Дегенмен мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, бүгін отбасымен бірге қоныс тойын тойлап отыр. Жас жанұяны өңір басшысы  құттықтап, арнайы сый-сияпатын да табыс етті.

 Марат  ИМАШЕВ     ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  

2014 жылдан бері кезекте тұрдым. Баспананы жалдап тұрғандықтан, қалай қиын екендігін  өзім түсінемін. Жақсы тұрып жатқан кезде үй иелері бірден үйді сатамыз, босатыңдар деген кездер де болды. Өз үйің болғанға не жетсін. Қазірден мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, ақша жинауды бастаған дұрыс. Бәрі де мүмкін екен. Соған көзім жетті.

Айта кетейік, өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 120 жанұяға пәтер кілті табысталды. Оның 93-і арендалық үй болса, 27-і демеушілер есебінен. Жыл соңына дейін тағы 493-н  тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.