Жамбыл ауданы жаңа мектеппен толықты. Бірлесу – Еңбек ауылында 140 балаға арналған орта мектеп, бүгін ел игілігіне берілді. Осылайша, бұл білім ордасы  апатты мектептер  проблемасын толықтай шешеді. Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Әкім жаңа оқу жылында ұстаздарға табыс, оқушыларға сәттілік тіледі. 

Білім күніне орай Жамбыл ауданы Бірлесу —  Еңбек ауылында ашылған бұл орта мектеп: демографиялық өсім негізінде орын тапшылығын жою мақсатында салынған. 140 балаға лайықталған білім ордасында оқушының сапалы білім алуына бар жағдай жасалған. Мұнда 40 – жуық педагог жұмыс істейді. Оның 12,5 пайызы жас маман.

Жаңа оқу жылының міндеті де жауапкершілігі де  — зор. Ұлағат пен ұлылықтың үлгісіне айналған ұстаздар да оқушылар да  үлкен дайындықпен келгені көрініп – ақ тұр. Әйтпегенде, биыл бұл білім ордасының шәкірттері жаңа оқу жылын су жаңа ғимаратта бастайды.

 Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

/Биылдың өзінде 15 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 5 мектеп пайдалануға берілді. Соның бірі Сіздердің алдарыңыздағы мына — мектеп. Осы құрылыс есебінен үш ауысымды, апатты, орын тапшылығы бар мектеп проблемалары шешіліп жатыр. Биыл үш ауысымды мектеп проблемасын осы мектеп толық шешед/.

 Жамбыл ауданына қарасты Бірлесу – Еңбек ауылындағы оқушылар бұған дейін ескі мектепте білім алған. Енді су жаңа ғимаратта, заманауй техникамен жабдықталған кабинетте оқиды. Биыл бұнда 40 оқушы мектеп табалдырығын аттады.

Нұргүл АЙТЕШЕВА БІРЛЕСІ – ЕҢБЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

/Жалпы заманауи барлық талапқа сай қамтылған. Работехника, информатика, 2 лингофонды кабинет бар, және барлық зал оқушылардың демалыс залына арнайы жабдықталған./

  Жалпы өңірде 4 апатты мектеп бар. Ал, бүгінгі облыс әкімінің қатысуымен ашылған мына білім ордасы сол апатты мектептің проблемасын толықтай шешпек. Ал, қалған тозығы жеткен оқу орындары 2020 жылға дейін біртіндеп жергілікті және облыстық бюджеттен салынатын болады.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚРАМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

/Апатты мектептің үшеуі келесі жылы беріледі.  Сонымен толығмын шешіледі. Тозығы жеткен мектеп бар. Жасыра алмаймыз. Орыны тапшылығы бар мектептер де бар/.

Айта кетейік, биыл білім жүйесін қаржыландыруға бюджеттен 130 млрд теңге бөлінген. Бұл бюджеттің үштен бір бөілігі.