Фото:Ақорда

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы Жолдауын арнады. 77News.kz үндеуде айтылған негізгі ойларды назарларыңызға ұсынады.

Митинг өткізу туралы 

«Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады», — деді Президент жолдауында.

Мемлекет жері туралы

«Мемлекеттен жалға алу негізінде жерді тегін алғандардың көбі оны бостан босқа ұстап, жұмыс істемей отыр. Елімізде «латифундистер» қатары көбейіп келеді. Ауылшаруашылығы үшін берілген жерлерді тәркілеуге көшу керек», — деп тапсырды Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік компаниялардың халықаралық бәсекеге қабілеті күмән туғызатынын айтты. «Біздің мемлекеттік компаниялар конгомераттарға айналды, мұны мойындау керек. Мемлекеттің экономикада негізсіз қатысуын қысқарту мақсатында мен квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізу туралы шешім қабылдадым.

Ұлттық әл-ауқат қорының құрылған сәтінен бастап 14 жыл ішіндегі халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан нақты үлесі қандай екенін түсіну қажет. Үкімет Есеп комитетімен бірге бір ай мерзімде мемлекеттеік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді», — деді Мемлекет басшысы.

Көпбалалы отбасылар көмек туралы 

«Биыл Елбасының бастамасымен «Бақытты отбасы» деген екі пайыздық жеңілдетілген мөлшерлеме және он пайыздық бастапқы жарна төлеу арқылы жүзеге асатын бағдарламасы құрылды. Бұл өте тиімді ұсыныс. Жылдың аяғына дейін 6000-ға жуық отбасы баспаналы болады.

Ең алдымен көпбалалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы секілді 10 мың отбасыға баспана беріледі. Үкімет бұл бағдарламаға қатысуға нақты талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылау қажет. Баспанаға мұқтаж отбасыларға ғана көмек көрсетілуі қажет», — деді Президент жолдауында. Президент үкіметке үш жыл қатарынан тұрған, жағдайы нашар, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

«Тұрғын үй сатып ала алмай жүрген отбасылардың саны — 30 мың. Жалдап тұруға мүмкіндік беру керек. Сол себепті 2022 жылға қарай мемлекет 240 миллиардтан аса ақша бөледі», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Зейнетақы төлемі туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдырды.

«Үкіметке қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырамын. Кейінірек осы мәселеге тағы ораламыз. Сол уақытқа дейін үкіметтегілер, бизнес өкілдері және сарапшылар бір келісімге келуі керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауына.

Зорлық-зомбылық туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазаны күшейтуді тапсырды.

«Біз сот төрелігінің шектен тыс және репрессивті шаралары мен қатал жазалау тәжірибесінен алшақтадық. Алайда елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар. Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет. Бұл менің үкіметке беретін тапсырмам», — деді Президент жолдауында. Сондай-ақ балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.

«Біз заңнаманы гуманизациялаумен айналысып кеттік, салдарын азаматтардың құқығын елемейміз. Жедел түрде сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасымен айналысатындарға, ауыр қылмыс жасағандарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын күшейту қажет», — деді Тоқаев.

Кәсіпкерлерді тексеру туралы

«Микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы менің шешімім күшіне енеді. Біз тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуға тиіс біздің бизнесіміздің парасаттылығы мен заңға мойынсұнушылығына сенеміз», — деді Тоқаев.

Қазақ тілі туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазақ тілінің мәртебесі туралы айтты. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет», — деді Президент жолдауында.

Халыққа берген уәдесі туралы 

Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын деді мемлекет басшысы Жолдауында. «Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. 30 жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы  уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты  мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында Тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті  қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалына кезеңіне шығару  мүмкіндігі беріліп отырғанын айтты.

«Біз бұған Елбасы  саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар  жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын», — деді Қ.Тоқаев.