Қазақстан жастар суициді бойынша алғашқы қатарда. Бұл жаға ұстатарлық жағымсыз статистика. Өз – өзіне қол салмақ болғандардың дені 15 пен 19 жас аралығындағы бозбала мен бойжеткен. Ай мен күннің аманында жастарды өлімге итермелейтін не жағдай? Суицидтің алдын – алу үшін не істеу керек? Әріптесім Гүлжан Серік зерттеп көрді.

Тараздағы  жас қыздың жантүршігерлік мына видеосы көптің әлі есінде. Өз – өзіне қол салмақ болған бойжеткен, құрылысы аяқталмаған нысаннан секіріп жан тәсілім еткеп болған. Періштесі қақты  ма, мамандар араласып,  әйтеуір қыз аман қалды. Одан өзге де өмірін өлімге қиған фактілер аз емес. Мәселен, былтыр 15-25 жас  аралығындағы – 100 мың балаға шаққанда 14,8 оқиға тіркелген. Ал биыл жыл басынан бері республика бойынша 124 бала өз – өзіне қол жұмсап үлгерген. Бір қызығы, ақылы толысқан шақта өмірмен қоштасқандардың көбінде жоғары білімі, тұрақты жұмысы болған. Сонда ағаттық тәрбиеде ме? Жоқ әлде тағдыр таршылығы ма? Психологтар не дейді?

Айгүл ӘБДІРАХМАНОВА     ПСИХОЛОГ

/Дүние жүзінде 20 секунда бір адам дүниеден өтеді. Қазақстан бойынша екі сағатта бір адам өзіне қол жұмсайды. Көбі жасөспірім балалар. Жасөспірім балалар өтпелі кезеңде, қиын кезеңде, қоршаған ортаға керексіз санаған кезде, бір сөзбен айтқанда баланың психикасының дұрыс қалыптаспауынан болады суицид. Адам өзінің тығырыққа тірелгенде,  жүрегіне жақын алып өз – өзіне қол жұмсайды. Бірақ өмірде жағдайы бар адамдар да өз – өзіне қол жұмсап жатады. Әрине енді олар әлсіз адамдар /.

Имамдар ескертеді. Шариғат бойынша  өз – өзіне қол жұмсау үлкен күнә саналады.

 Амангелді  ЕМБЕРГЕНОВ   ИМАМ

/Тіпті өз – өзіне қол жұмсаған кісінің бас имамдар жаназасын шығармау керек деген кітаптарда жазылған. Ауыр күнә екенін түсінеміз. Шариғат та мұны қолдамайды/.

Кәмелеттік жасқа жетпей жатып, қылмысқа баратындар соңы  —  суицидпен аяқталып жататын фактілер көп. Айталық, биыл Жамбыл облысы бойынша жарты жыл ішінде 42 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралған. Былтырмен салыстырғанда ол 4 іске көп.

Жасұлан ШЫРШЫҚБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

/Суицидке әрине қылмыстар себеп болуы мүмкін. Бізде қылмысыық істер қаралады кәмелеттіке толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелеу. Қылмыстық істерге мәжбүрлеп итермелеу туралы. Көп жағдайда жасөспірімдер ата – аналарға осындай қылымсқа баруға себеп болғанын, ата – аналарды төменге қараттық, жағдайын жасамадық деген  оймен өз – өздеріне қол жұмсауы мүмкін/.

Жасөспірімдердің бұлайша өздерін өлімге итермелеуіне себеп: тәрбиеден кеткен ағаттық. Арғысы тұрмыстық тауқымет. Отбасылық кикілжің деседі. Бүгінгідей тұрмысты сана емес, баға билеген қатал қоғамда, балаға жан жылуы мен мейірімділік жетіспейді.

Айгүл ӘБДІРАХМАНОВА     ПСИХОЛОГ

Суицидтің салдарымен күресте аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Тіпті израильдік әдіс те елге әкелінді. Мектеп мұғалімдері де психологтар да арнайы оқудан өтті. Бірақ, бұл проблеманы жауапты ведмствоға артып қоймай, жалпы қауым,  күллі қоғам болып күресу керек сынды.