«Ашық сана. Адал кәсіп. Толассыз білім». Өңірде 500 – ге жуық мектеп, 46 колледж, 3 ЖОО – нда  бір мезетте осы тақырыпта ашық сабақ өтті. Жиын Қожа Ахмет Яссауидың «Әділ сөйлеп, адал жүр» атты қанатты сөзімен басталды. Онда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы дәріптеліп, оқушыларға жемқорлық салдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Республика көлемінде тұңғыш рет өткен мұндай жиын енді айына бір рет өткізіліп тұрады.

Сыбайлас жемқорлық – індет. Онымен күресу – міндет. Бауыржан Момышұлы атыңдағы /45 мектеп гимназиясы оқушылары бүгін осы тақырыпта леКция тыңдады. Енді билік сыбайлас жемқорлықтың алдың алуға мықтап кіріскендей. Оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап адалдыққа, әділдікке үйретпек.

 Айбек ӘЖІБАЕВ / ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ІС – ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ  ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

/Республика көлемінде адалдық сағаты өтуде. Барлық оқу орындарыңда, мектептерде, ЖООҚда өтуде. Адалдық аланың өткізуге жергілікті атқарушыоргандар, әкімдіктер көмектесуде. Адалдықсағатына қәзіргі таңда арнайы маниторинг мүшелері , әкімдіктің қызметкерлері адалдық аланың өткізуде. /

Парасаттылық пайымы  насихатталған тағы бір адалдық сағаты Жамбыл политехникалық колледжінде өткізілді. Жиналған білімгерлерді білім беру жүйесіндегі жемқорлықпен күрес  әдістерімен таныстырып қана қоймай, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға шақырды. Қәзірдің өзінде колледжде  саналы ұрпақ жобасы кеңсесі ашылып, адалдық дүкендері жұмыс істейді.

Есқанат САҒЫНБАЙ СТУДЕНТ

Осы жылдың алғашқы жеті айында өңір бойынша 56 қылмыстық іс тіркелген. Ресми мәмілеге сүйенсек аймақтағы жемқорлыққа қатысты құқық бүзушылық фактілері азайып келеді. Республика бойынша өткізілген адалдық сағатыда жастар арасындағы адал сағатыда жастар арасындағы адал ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді дейді қатысушылар .