Sputnik Kazakhstan

Елімізде осы жылдың тамыз айындағы санақ бойынша, күнкөріс деңгейі 8%-ға көбейіп, 32 мың теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды. 

Жыл басынан бері аталған көрсеткіш 21%-ға артқан.

Айта кетейік, тамыз айындағы есеп бойынша, азық-түлікке 17,6 мың теңге, ал тұрмыстық заттар мен ақылы қызметтерге 14,4 мың теңге бөлінген. Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді — 39,4 мың теңге. Нұр-Сұлтанда — 37,6 мың теңге, Алматыда — 35,2 мың теңге. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі — Павлодар облысы мен Жамбыл облысында байқалған. Тиісінше, 28,5 мың теңге мен 29,1 мың теңге.