Фото: Информбюро

Ел президентінің жолдауы —  әр тұрғын үшін маңызды оқиға.  Мемлекет болашағы үшін маңызды құжатта қоғамның ары қарайғы дамуы мен қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған стратегиялық жоспарлар айқын көрсетілген. Оны орындау үшін де атқарылар шаруа аз емес. Нақты, маңызды қадамдардың іске асуы үшін ел болып жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Бұл игі істен жамбылдықтар да қалыс қалмайды. Өңіріміздегі зиялы қауым өкілдері президент жолдауын талқылып, ұтымды тұстарын тағы бір пысықтап өтті.

Қарапайым ел тұрғындарын бірінші кезекте толғандыратыны —  тұрмыстың жақсаруы, әл-ауқаттың артуы. Осы тұрғыда Жолдаудың сындарлы диалог тақырыбында аталуы да бекер емес. Қоғамдық диалог, ашықтық, жеделділік – мемлекеттік билік пен халық арасын байланыстыратын басты көпір іспетті. Ал әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту, азаматтардың зейнетақы жүйелерін баспана немесе білім алу үшін тиімді пайдалану тәрізді тұстары жамбылдықтар үшін де жағымды жаңалық болды.

 Федор КЛИМЕНКО   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

/ Менің ойымша,халыққа, парламентке, сенаторға үндеу жолдаса барлығы болады деген сөз. Кәсіпкерлерді 3 жылға дейін салықтан босатып, бітпейтін тексерістер саны азайса, халық жаппай кәсіпкерлікке барады. Онда өзін де асырап, өзгелерге де жұмыс береді. Ел экономикасы да көтеріліп, өмір сүру деңгейі жақсарады/

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, алыстағы ағайынның жыры да Жолдауда айтылды. «Ауыл ел бесігі»  жобасы аясында алдағы үш жылда 90 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат көлік, су, газ сынды инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге жұмсалады. Жамбыл өңіріндегі ауылдарды дамытуға да айтарлықтай қаржы бөлінген. Қазір 135 жоба бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Серікбол БЕРІКҚОЖА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ» БАСШЫСЫ

/Бұл жобалар бізде 4 ауданда жүзеге асырылуда. Келер жылы басқа ауылдарда да нақты жұмыстар жасалады.Мектеп , балабақша, аллеялар, парктер, скверлер, жаяу жүргіншілер жолын жаңғырту қарастырылған, жаңа ғимараттар салу емес. Бар нәрсені қайта жаңғыртып,  ауыл тұрғындарына жағдай жасау болып табылады/.

Айтпақшы, жолдаудың тағы бір жаңалығы. Енді әкімдер жұмысының тиімділігін халық өзі бағалайды. Ендеше, «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген мәтел бұрынғыдай тек әдемі сөз тіркесі емес, тура мағынасында да жұмыс істейтін болады.