Фото: Ана тілі

Үкімет Алматы мен Жамбыл облыстарының шекарасын өзгертті деп хабарлайды  Kazakhstan Today.  

«Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді: Жамбыл облысының Қордай ауданы мен Алматы облысының Жамбыл ауданы шекарасындағы жалпы аумағы  1091,78 гектар жерді біріктіру туралы арқылы Алматы мен Жамбыл облысының шекараларын өзгерту керек», — делінген ҚР Үкіметінің 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі қаулысында.

Бекітілген құжатқа сәйкес, Алматы облысынан Жамбыл облысына берілетін жердің құрамына ҚР Қорғаныс министрлігінің «Гвардеялық аудандық пайдалану бөлімшесі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі республикалық жер участкелері кіреді. Сондай-ақ ҚР Білім және Ғылым министрлігіне тиесілі «Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің жер аумағы да бар.

Екі облыстың жергілікті атқарушы органдары аталған құжатты орындау үшін барлық шараларды жасауы керек. Қаулы жарияланғаннан күннен бастап ресми түрде күшіне енеді.