2017 жылғы қарашадан бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы біздің өңірде де жалғасты Бұған дейін Алматы, Шымкент қалалары  Түркістан, Атырау, Ақтөбе, сықылды облыстарды аралап,  900 мыңға жуық адамды қамтыған болатын.   Енді бұл жәдігерлер жобасынан  Жамбылдық жұртта қалыс қалмақ емес.  Ал қазан айының соңына дейін жалғасатын экскурсияның өңірдегі алғашқы шарасы  Қордай ауданынан бастау алды. Тілші тарқатсын.  

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы  ірі ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық іс-шараларды қамтиды.Ауқымшы шара аясында  Германия, Португалия, Қырғызстан, Өзбекстан қатарлы көптеген шет мемлекеттік ғалымдардың  қатысуымен  семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Ерекшелігі – келушілер елбасы hәм ел тарихымен толықтай таныса алады. Қордайдағы шара басында профессор  Әмірхан Рахымжанов жергілікті тұрғындарды көрме жобасымен қысқаша таныстырды. Артынша «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясының аясында «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық тақырыптық экскурсиялар өтті.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ — ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Көрме  қатысушылары мұнда елдің даму тарихынан сыр шертетін деректі фильмдерді көре алды.Көрмеге қойылған  «Елбасы және жаңарған Жамбыл өлкесі» атты фотосуреттер де талай тәмсілден сыр шертті.  Іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мұндай шаралардың игі тұстары көп дейді.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік мұнда тағы  «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиялары да өтті. Онда келген қонақтар  елбасының сирек кездесетін архивте қалған жәдігерлерін тамашалай алды. Ауқымды жоба Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Елбасының шешуші рөлін халыққа жүйелі баяндау мақсатын көздеген.

                                                                        Нұрлан Әбдікәрім, Азат Байтемір  «77 ньюс»