Музей қызметкерлері цифрлық сауаттылықтарын арттырады. Нұр – Сұлтан қаласы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының мамандары екі апта бойы Жамбылдық музей,архив мамандарына дәріс оқиды. Ондағы басты мақсат: мұражай саласын цифрландыру.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»  көшпелі көрмесі Жамбыл облысына келді. 1000 – нан аса экспонат әкілінген. Олар: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасының жеке қолданған заттары, қолтаңбасы және шет ел басшыларының берген марапаттары. Жамбыл тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы Елордадан әкілінген. Көрме салтанатты түрде ертең ашылады. 31 қазанға дейін жалғасады. Ал, бүгін Достық үйінде сол көрме алдындағы семинар – тренинг өтті. Онда Нұр – Сұлтаннан келген білікті мамандар, жамбылдық мәдениет қызметкерлерін цифрлық сауаттылыққа үйретті.

Күләйша АҚТАЕВА      ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Музей атты ақпараттық жүйеміз қазіргі кезде жолдарды ашып, практикалық түрде адамдарды үйретуге жағдай жасаймыз. Кездесу жалғасын табады. Тәжірбиемен бөлісуге дайынбыз/.  

 Шара соңында бірқатар мамандар Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбектің атынан арнайы грамотамен марапатталды. Олардың ішінде облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова да бар. Елге деген құрметті арттыруға, Отанымыздың өркендеуі жолындағы ерен еңбегі үшін атты диплом табысталды. Шара ертең де жалғасады. Екі апта бойы 60 тан аса музей қызметкерлері Нұр – Сұлтандық мамандардан дәріс алады.

Гүлжан Серік, Азат Байтемір 77 ньюс