Облыс басшысы Асқар Мырзахметов қоғам белсенділерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Қасым – Жомарт Тоқаев Жолдауда әкімдерге кері байланыс орнату керек, —  деп тапсырма берген болатын. Жолдауда көтерілген бар мәселе біздің өңірде де оң шешімін табуда. Бүгін облыстың зиялы қауым өкілдері  жиналып, Жолдауды талқылады. Онда көтерілген мәселелер жайлы толығырақ тілші тарқатады.

Жыл басынан бері өңірде өнеркәсіп -3,2 пайызға, ауыл шаруашылығы -2, 7 инвестиция -9,9, сауда -7,7 пайызға өскен. Ал орташа жалақы 13,7 пайызға көтеріліпті. Ал, күні кеше Президент Жолдауда мәдениет қызметкерлері мен ішкі істер саласы және мұғалімдер еңбекақысын арттыруға тапсырма берді. Бұл орайда биыл 65мың 400 ұстаздың жалақысын көтеруге бюджеттен 30,5 млрд бөлінеді. 300 – дей мәдениет қызметкерінің де еңбекақысы өседі. Ал алдағы үш жылда құқық қорғау саласындағы 2 мың маманның жалақысы көтеріледі. Ал, мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында мемлекеттік қызметтегі басшылар саны 17,2 пайызға азаяды.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Тараз қаласы және аудан әкімдіктеріне бекітілген 2173 штаттың  742 – сін лауазымынан төмендету жоспарлануда Лауазымы төмендетілетіндер ішінде 200 – ге жуығы басшы қызметіндегілер. Сонда басшылық құрам жалпы 18,2%-ға азаяды/

Тариф бағасын реттеу мәселесі де жақында оң шешімін таппақ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы реттеледі. Баға өсірген кәсіпкерлер жазаланады. Тауар бағасына үнемі мониторинг жасалып отырады. Сәйкесінше, бизнеске қолдау болады. Облыс халықының 60,4 пайызы ауылда тұрады. Оның 395 еңбекке қабілетті. Алайда, 151 —  нде тұрақты табыс көзі жоқ. Сондықтан, енді ауыл тұрғындары бизнеске тартылады. Жақында жеңілдетілген несие беріліп, 31 жоба іске асыру жоспарда тұр. Нәтижесінде,  90 мың тұрақты жұмыс орыны ашылады.

 Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ауыл, аудандарда ауыз су және жол мәселесі 2025 жылға қарай толық шешімін табады. Ал, смарт технология 5 бағыт бойынша енгізіледі. Соның бірі агроөнеркәсіп. Алда тұрған меже экспорт көлемін -2,5 тоннаға жеткізу. Ал, ресрубликалық бюджеттен тек Жамбыл өңіріне бөлінетін 7,2 млрд теңге болса тек ауылдарды көркейтуге жұмсалады. Осылай деген облыс басшысы өңірді көтеруде белсенділерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құндылық кілті – келісім мен таулықта. Жолдауда көтерілген әр мәселе маңызды. Ендеше, бірлесіп, ел болып, қоғам болып еңбек еткен жөн, деді Асқар Мырзахметов жиын соңында.