Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл тікелей қәкіподақ федерациясының межелеген міндеті. Бұл бағытта тың тірліктерді тындыруға тырысқан одақтың енді тағы бір тынысы ашылуы тиіс.  Өйткені  ел президенті Қасым-жомарт Тоқаевтің тұңғыш жолдауындағы  тапсырмалар кәсіподақ  жұмысына арқау, тірлігіне тіреу. Енді тек істе теперіш болмау керек.Осыны мақсат ете отыра  бүгін облыстық кәсіподақ ұйымы кеңейтілген отырыс өткізді. Толығырақ әріптесім Нұрлан Әбдікәрім әңгімелейді.

Президенттің тұңғыш жолдауын тұңғыш болып қолдағандардың бірі осы кәсіподақ ұйымы. Өйткені ұйым азаматтардың әлеуметтік, еңбек қатынастарындағы әділеттікті қадағалайды.Ал ел президенті өз жолдауының өзегін тікелей осы бағытқа бұрған. Яғни қоғамдық диалог құру. Дөңгелек үстелдегі талқы басын өңірге арнайы ат басын бұрған Ержан Ошақбайұлы бастап берді. Айтуынша..

Ержан ОШАҚБАЙҰЛЫ ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

\\\Жемқорлық, еңбекақы жайлы. «Басшымыз елдегі мәселені тек мемлекет болып шешуді емес, халық болып бірлесе шешуді көздеп отыр»\\\\

 Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Сонымен қатар жиынның кезекті спикері Мейрамбек Төлепберген «жұртты кейбір»масылдық» кейіптен арылып, адал еңбек етуге шақыру керекСонда ғана әлеуметтік көмекке күн қарамайды»,- дейді. Жолдауды қолдау мақсатында ұйымдастырылған жиын соңында кәсіподақтар еңбек құндылықтарын жоғары ұстап жұмыс істеуге үәделесті.

 Нұрлан Әбдікәрім, Азат Байтемір  «77 ньюс»