Өткен демалыс күндері Тараздықтар киокушинкай-кан каратэден Азия кубогын  тамашалады. Құрлықтық сайысқа 7 мемлекеттен  300-ге жуық спортшы қатысты. 2 жылда бір рет өтетін спорттық сайыс әлемдік біріншілікке сынақ ретінде саналады. Айта кету керек, халықаралық жарыс ҚР спорт және мәдениет министрлігі мен Ұлттық республикалық киокушинкай- кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен және  Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен өткзілді.

Өңірде жасөспірімдер мен ересектер арасында дәл осы киокушинкай-кан каратэ түрі дамып келе жатқаны аян. Халықаралық спорт сайысының да Таразда өтіп жатқаны соны айшықтайтындай. Жарыстың алғашқы күні 14 жасқа дейінгі спортшылар өзара сынға түссе, келсі күні ересектер арасындағы бәсеке қыза түсті. Өз кезегінде ұйымдастырушылар Таразда өткен алғашқы Азия кубогы спорттың дәл осы түрінің дамуына үлесін қосады дейді.

 Әбілқайыр САЙРАНБЕК       ҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КИОКУШИНКАЙ- КАН КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

 Жарысқа қатысушылардың қатарында 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілқасым Сералы  да бар. Финалға жолдама алған  жас спортшы бұған дейін Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Азия және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері атанып үлгерген. Сондай-ақ, спорт шебері атағы да бар. Ел намысын қорғауға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген.

Сералы ӘБІЛҚАСЫМ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Айта кеткен жөн, ұлттық құраманың 1-ш және 2-ші топтары жарысқа қатыса алмады. Өйткені олар желтоқсан айында  бас қалада өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы  Әлем чемпионатына дайындық үстінде.