Таразға жаңа прокурор тағайындалды.  ҚР-ы Бас прокурорының бұйырығымен бұл қызметті  енді Жамбыл Сматов атқарады.  Ал бүгін  жаңадан тағайындалған прокурорды қала активіне  Қайрат Досаев  таныстырды.

 Айта кетейік,  Сматов Жамбыл Сырлыбекұлы  1985 жылы  дүниеге келген.  Ол   Прокуратура органдарында 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.   Алғашқы қызметін Жамбыл ауданы мен Тараз қаласы прокурорларының көмекшісі болып  бастаған. Бұдан бөлек,  Бас Прокурордың  аға көмекшісі. Сондай-ақ,  Ақмола облысы  Целиноград ауданының прокуроры лауазымын  атқарған. Ал  2017 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры лауазымында болған.