Жаз маусымы басталғалы бері құрылысшылар да бастайтын бір дәстүр бар. Көше қопарады, құбыр салады. Биылдың өзінде қаламыз бойынша  60-қа жуық көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Бірақ таяқтың екінші ұшы бар.  Жабылған көшеде көлік кептелісі, ал құрылыс біткен жерде  жаяу жүргінші жүру мүмкін емес, құрылыс материалдары шашылып жатыр. Мәселенің мән жайы толығырақ Ақсәуле Әбітайдың сюжетінде.

Қала тұрғындары жиі шағым айтатын учаскелердің бірі —  Абай көшелері мен Көшеней көшесі, сондай-ақ Сыпатай батыр көшелерінің бойы.   Қазылған шұңқырдың  айналасына арнайы шектеу қоймаған,  дұрыс жиналмаған құрылыс материалдары шашылып жатыр. Тіпті кішкентай балалар мектепке барар кезде ағаштарды айналып өтуге мәжбүр, ал ересектер шашылған шағалдың үстіне таптап жолға айналдырған. Бұл туралы «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі қызметкерлері мен арнайы мониторингтің топтың бірлесе жасаған бақылау жұмысы кезінде белгілі болды.

Сарапшылардың сөзінше, әлеуметтік желілер арқылы 70-ке жуық  шағым келіп түскен. Әсіресе, жылу құбырлары салынатына көшелердегі қазу жұмыстарына шағым көп. Жоспар бойынша, құрылыс жылу маусымына дейін жүру кеерк. Бірақ оның зардабын  қарапайым тұрғындар таратады. Құбырлар ретсіз шашылған, құрылыс материалдары мен қоқыс тазаланбаған. Тапсырыс орындаушылардың сөзінше, енді тазалау жұмыстары басталады. Бұдан бөлек тексеру тобы облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды да қарап шықты. Мәселен, Пионер-Сеңгірбай, Ерназар-Қойгелді  участкесіндегі асфальт қайта бұзылып жатыр, жиегі нақтыланбаған. Жол активтері сапасын бақылау орталығы мамандарының сөзінше, бұл асфальтті дұрыс төсемеуден болады. Яғни, төменгі қабаты дұрыс тығыздалмай, бетіне жалаң асфальт төсенеді.  Құрылыс мамандарының сөзінше, жұмыс көлемі көп, бірақ барлығына үлгеруге тырысып жатыр.

БАҚЫТЖАН ЖӘНІБЕКОВ   ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ең біріншіден теплотрассалар жөнделіп жатыр. Менің есімде де жоқ, қанша жылдан бері олардың жөнделмегені. Олар жөнделіп жатқаннан кейін, әрине, адамдарға ыңғайсыздық туғызады.  Әрине, өтініш ьіреу ғана – жылдамдатып істеу.

Биылғы есеппен36 жоба бойынша  78 шақырым  жол жөнделіп жатыр. Бірақ сан сапаға өтуі керек. Сондықтан  мұндай тексерістер, сараптамалық жұмыс тобы әлі де жалғаса береді.