Қазанның соңына дейін бес жүзден аса қазақстандықтың қарызы кешіріледі. Бұл сан әзірге нақты емес. Алдағы уақытта тағы да толығуы мүмкін. Өйткені, көпбалалы аналардың тізімі әлі де толық анықталмаған. Кімдердің кредиті  кешіріледі? Науқан қалай және қашан іске асырылады? Толығырақ тілші тарқатады.

 Айман Нұрсейітова толық емес отбасы мүшесі санатына жатады. Жолдасы қайтыс болып, екі баланы өзі асырап отыр. Тапқаны шай – пұлынан артылмайды. Қажеттіліктен кредит алуға мәжбүр болған.  Былтыр үйіне жөндеу жұмыстарын жасау мақсатында банктен 300 мың теңге көлемінде несие алады. Бір жыл болды әупірімдеп жүріп ол қарызын төлеп келеді. Енді бір жылы қалғанда міне, Президенттің жарлығына ілікті. Одан өзге заттай алған несиесі де толық жабылыпты.

Айман НҰРСЕЙІТОВА  ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

/Қыздардың пенсиясы бар. Әкесі қайтыс болған 45 мың алам. Соны несиеге жауып отырдым. Өз айлығыма тамақ алам. Ойламадым, жұмысым бар, баспанамыз бар, ілікпейтін шығармыз деп. Бірақ барлығы айтты сенің асыраушың жоқ. Саған болады деп. Қуаныштымын. Рахмет айтамын/.

Президенттің жарлығы бойынша  бұл көмекті тек несие сомасы 3 млн теңгеден аспайтын,  әлеуметтік әлжуаз топ ала алады. Бұл  бір реттік берілетін қаржы. Көмек мөлшері  300 мың теңге. Егер Сіздің банк алдында бірнеше берешегіңіз болса, бұл қаражат ең ірі несиеңізге төленеді. Алайда, басты талап: кредит бойынша қарыз коллекторлық агентке өтіп кетпеуі керек.

Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ  ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ  МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

/Көпбалалы, асыраушысынан айырылған, мүгедек бала асырап отырғандар,  атаулы көмек алатындар және жетім балалар. Қарызгер 5 санатқа жатқанда қарызы кешіріледі. Қарыз тұтынушылық мақсатқа берілу керек. Берешек 3 млн аспау керек. Кепілсіз қарыз болу керек/.

Көпшілік өзінің тізімде бар – жоғын анықтау үшін 111 кол орталығана хабарласу арқылы біле алады. Егер тізімдері онда анықталмаса мемлекттік органға барып мәліметтерін жаңартуы тиіс.

Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ    ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ  МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

/Еңбек және әлеуметтік қорғау минитсрлігі немес  халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да білуге болады. Осы мекемеге жүгініп отырып мәртбесін және Президенттің жарлығына қатыса ала  ма соны білсе болады/.

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде жоғарыда аталған санатқа кірмейтін жандардың да несеиесі кешіріліп жатыр, — деген ақапарат тараған болатын. Алайда, Ұлттық банк оны жоққа шығарды.

Гүлжан Серік, Азат Байтемір 77 тв