Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін, өңіріміздегі білім ұяларында  домбыра пәні енгізіле бастады.    Мәселен,  ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі алғашқы қадамды  Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы   қолға алды. Яғни, мұғалімдер сапалы білім берумен қатар,  оқушыларға ұлттық аспаптың  қыр-сырын үйретпек.  Толығырақ әріптесім Аят Асқарбекұлы айтып берсін.

Аят АСҚАРБЕКҰЛЫ   ТІЛШІ     

/…Осылайша, енді домбыра үнін  барлық білім ұяларынан ести аламыз. Мектеп оқушылары әр сабақ сайын   ұлттық аспаптың тереңіне үңіліп,  бабадан жеткен мұраны  бойына  сіңіреді.   Бұл бастама қазақы  құндылықтарымыздың дамуына, асыл мұрамызды сақтап қалуға сеп болып отыр….

Аяулым ӘЛІМБЕК   /  МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ

/…мен домбыра үйірмесіне 10 жасымнан бастап қатысамын. Маған домбыра үйірмесі жаныма жақын. Домбыра аспабын таңдаған себебім: өзімнің алдағы өнердегі шығармашылығымды дамыту үшін таңдадым. Өзімнің достарыма домбыра аспабын үйренуге кеңес беремін…/

 Иә, қазақ пен домбыра — егіз ұғым.  Оларды бір-бірінен айыру  әсте мүмкін емес. Ал   оқушыларға домбыраның қыр-сырын үйретуде ұстаздардың алдында үлкен міндет тұр. Өйткені,  балалардың санасына саф өнерді  сіңіру бүгінгі күні өте маңызды.

 Жанар ЕДІГЕЕВА  / МҰҒАЛІМ

 /…Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев домбыра аспабы әрбір қазақтың рухын көтеретін, рухани қазынамыз деп айтып кеткен еді.  Ал әрбір қазақ мектебінде домбыра үйірмелері міндетті түрде ашылсын деген тапсырмасын біз құптаймыз…балаларымызға ұлттық өнерге бойларын сіңіру, ұлттық тәрбие беру, ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды оқушыларымызға тапсыру ол біздің міндетіміз…/

 Жалпы, өңіріміздегі барлық мектептерге домбыра сабағын енгізу жоспарда. Бұл  бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.  Ал мектеп оқушылары қос ішікті күмбірлетіп,  жаһандану заманында  қазақы құндылықтарымызды жаңғыртуға үлес  қоспақ.

 Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір,  Нұрбол Қыстаубек, «77news»