Бүгін республика бойынша жалпыхалықтық ашық диктант жазу шарасы өтті. Таңертең сағат 11:00-де еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым тұрғындар латын әліпибі бойынша сауаттылығын тексеру  үшін партаға отырды. Бұл акциядан біздің өңірімізде де қалыс қалған жоқ.

2025 жылға дейін кезең-кезеңімен еліміз толығымен латын әліпбиіне көшіп бітуі қажет. Оған дайындық  қазірден басталып жатыр.  Латын әліпбиі бойынша өткізілген ашық диктант – соның бір дәлелі. Қаладағы Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханаға жиналған  тұрғындар жаңа әліпби бойынша сауаттылығын бір тексеріп шықты.                                                             

 Кенжебай ӨМІРБЕКОВ  «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІ ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

«…Негізгі мақсаты латын графикасы негізінде латын әліпбиін қолдана отырып қазақ жастарының, тұрғындардың, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қаншалықты меңгергендігін анықтау. Бүгінгі шараға  түрлі этнос өкілдері, студенттер, жастар, қызметкерлер тағы басқа тұрғындары келіп қатысуда…»

Тақырып  Жастар жылына арнайы таңдалған.  Дайын диктантты облыстық білім  басқармасы арқылы бекітілген 3 адамнан тұратын комиссия тексереді. Олар «өте жақсы» «орташа» және «төмен» деген критерий бойынша диктант жазу деңгейін бағалайды. Білімін қайта тексеруге бірінші рет келгендер де, қайта келіп тапсырып жатқандар да бар.

Мереке МЕҢДИЕВА  / ДИКТАНТҚА ҚАТЫСУШЫ

Латын графикасы менің ойымша өте оңай әліпби. Себебі біз кезінде неміс тілін оқыдық,  оған латын графикасы өте жақын. Сол себепті маған еш қиын болмады. Біз бұған дейін де осы алфавитпен диктанттар жазып дайындалдық.

Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттің  межелеуі тиіс басты міндеттерінің бірі. Сондықтан мұндай шаралар әлі де жалғаса бермек.

Ақсәуле Әбітай, Лесбек Абдіжаппар  77ньюс