Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметовтың  тапсырмасына сәйкес Тараз қаласының тұтынушыларына  бүгіннен  бастап ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды.

Тараз қаласы бойынша ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны 610 көп пәтерлі тұрғын үйді құрайды. «Тонкуруш», «Сәтпаев», «Телецентр» массивтерін және қала орталығының біршама  бөлігіне ыстық су, қазан айының бірінен қарай жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі. Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дейін  үздіксіз жүзеге асырылады.

Князь ТҰРТАЕВА   ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ЖЫЛУ-ЭНЕРГЕТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Облыс әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап бастап «Жамбыл-Жылу» тұтынушыларын ыстық су жүйесіне қосу жұмыстарын бастады. Бүгінде Қаратау, Қарасу, Қант зауыты алқабына беріліп қойды. Түске дейін жұмыстар 45 пайызға аяқталса, кешке дейін 60 пайызға жеткізу жоспары бар.