Қала сәнін бұзатын нысанның бірі – көше бойын жағалаған жайма базарлар. Қарапайым сауда болғанымен айтылар шағым көп. Қала көркін бұзып қана қоймай, мүлдем тазалық сақталмайтын орында киім мен азық-түлік қатар сатылады. Күні кеше әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері жиналып, сол жерлерге арнайы рейд жүргізді.

 Шахристан мәдени кешенінің маңы – көше сатушыларының ең көп жиналатын жері. Кеше ауланған балық пен жұқа киім де, айран-сүт пен тұрмысқа қажетті заттар да аралас. Бір көшенің бойында қатар сатылып жатыр. Бірақ тексеруші топты көре сала сауда тұрағын тастап кейін кеткендер де болды.

«Жабайы базар» деген статусы бар сауда орындары дәл тротуар маңында, адамдар жиі жүретін орында. Тіпті дәл жанында құрылыс жүріп жатыр. Кез-келген уақытта сатушының үстіне кірпіш құлап кетуі мүмкін. Саудагерлердің сөзінше, бұған дейін барлығы осы жерде арнайы дүңгіршектер де тұрған.  Бірақ оларды да заңсыз деп жауып тастап, қазір жаңа сауда орнының құрылысы жүріп жатыр. Тауарды да толығымен сату қажет болғандықтан осылай амалдайды.

 Анар ШЕРІМОВА /САТУШЫ 

0034// 00:06 -00:16  00:18 -00:26

«..Енді мына орнымыздың барын алып тастады гой. Енді амал жоқ товарымызды сатып бітіруіміз керек. Уақытша болса да, жеп отқан нанымыз гой.  Енді ауыл берекені қарадық.  Ана жақты қарадық, көңілімізден шықпадық. Енді мына кожкомбинаттан ашылады дейд гой, сол жаққа барамыз».

Ал жауапты әкімдік қызметкерлерінің сөзінше, мұндағы сатушыларға басқа базарларға бару ұсынылған. Бірақ олар жалға алу құнының қымбаттауына байланысты бас тартқан көрінеді. Артық ақша төлегісі келмейді, адам көп жүретін осы жер оңай дейді.

 Сәрсенбек ТАСҚАРАЕВ / ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП, ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

«…Бұдан бөлек сауда орындары бар, 2 мөлтек ауданындағы сауда орындары, Мыңбұлақ базарында бар. Осындай заңсыз сауда орындары бар. енді біздің мақсатымыз — осы жерлерді қалпына келтіру. тазалығы жағынан болсын, қала көріктендіру жағынан болсын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу..».

Бұл аумақты бақылау участкелік полиция қызметкерінің міндетінде. Әкімшілік қызметкерінің ескертуден өзгеге құзыры келмейді. Заң өкілдері болса саудагерлер затын жинастырып, тез арада орнын босатар еді дейді олар. Бірақ бұл рейд құрамында участкелік полиция келмеген, жұмыс орнына барғанымызда есігі жабық болып шықты.

Ақсәуле Әбітай, Санат Аралбек   77ньюс