Фото: Otyrar.kz

Жамбыл облысында қылмыс саны азайғанымен, жол көлік оқиғалары тыйылмай тұр. Тіпті, түрлі жол аппаттарынан 114 адам  қайтыс болған.  Бұл биылғы жылдың 8 айында орын алған көрсеткіштер. Көңіл көншітпейтін мәліметтер бүгін Облыс әкімінің бірінші орынбасарының қатысуымен өткен жиында мәлім болды.  Қайғылы жағдайдың орын алуына не себеп? Құзырлы орган не дейді? Әріптесім Аят Асқарбекұлы айтып берсін.

 Аймақта жол-көлік апаттары өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып  отыр. Әсіресе, қала аумағында оқыс жағдайлар көптеп кездеседі. Құзырлы орган дерігіне сүйенсек, осы жылдың 8 айында  жол-көлік аппаттары 2,7 пайызға күрт өскен.  Әсіресе, мас күйінде көлік тізгіндегендердің қатары көп. Ал рейдттік шаралардың нәтижесінде,  мамандар  түнгі уақытта   жантүршігерлік  оқиғалар жиі орын алатынына көз жеткізіп отыр. Тіпті, полицейлер аптаның қай күнінде үнемі жол апатының болатынын топшылап үлгеріпті.

 Мұрат БАЙСЕРКЕНОВ /  ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ  ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ  БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ  МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

/…сараптамаға сәйкес жол-көлік оқиғаларының көбі түнгі уақытта, сағат 17:00-де,  кешкі уақыттарда 24:00 аралығында орын алып отыр. 779 деректің 449 дерегі осы сағат түнгі 12-ге дейін  орын алған. Ал күндерге келетін болсақ, ең көп жол-көлік оқиғалар орын алатын уақыты жұма,сенбі, жексенбі күндері болып отыр.  Бұл бойынша 132 дерек тіркелген…/

 Жол апаттарының алдын алуда полицейлер алдына үлкен міндет қойып отыр. Мәселен, үздіксіз рейдтік жұмыстарды қолға алып, келеңсіз жайттың алдын ормақ ниетті.  Тіпті, арнайы топ құрылып қауіпсіздік шаралары мықтап қолға алынған. Алайда, облыс әкімінің бірінші орынбасары атқарылып жатқан жұмыстар баршылық, тек нәтиже жоғын баса айтты.

 Бекболат ОРЫНБЕКОВ  / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 /…Талдау бар. Себептері де бар. Хорошо. Бәрі түсінікті. Анализ бар. Что делать? Айтып отырсыз, билборд ілдіңдер. Оған ешкім күмән келтірмейді. Рейл жүріп жатыр. Оны жасап жатырсыздар. Бірақ результат болмай жатыр ғой. /…Аким города тоже наверно слышать. Акимы ройона тоже слышать. По-моему их тоже должны беспокить судьбы людей…/

 Бұдан бөлек, жиында  алдағы облысқа қойылған меженің жай-жапсары қаралды. Өз кезегінде, Бекболат Орынбеков  басқарма басшыларына алдағы межені жүйелі түрде нақтылау қажеттігін қатаң ескертті.  Сондай-ақ,  аймақ бойынша мамандарға айыппұлдарды өтеу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір, «77news»