Фото: Time.kz

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бүгінде тағдыр тауқыметін тартқандарға тіреу болу — Үкіметтің басым  бағыттарының бірі.  Мақсат, елдің еңбекке жарамдылығын еселету. Жамбылдағы жәрмеңкенің діттегені де осы  —  жарым жандардың екі қолға бір күрек тауып, тең құқылы екенін сезіну.  Өңірлік Нұр Отан партиясы мұрындық болған шарадан толығырақ тілшімыз тарқатады.  

Мүгедектік – мүмкіндікті шектеу емес. Яки еңбектенуге кедергі бола алмайды. Әсілі бір тіркестің аясындағы бүгінгі шараның берері бәссіз басым. Өйткені өмірден көргенін өңешінде сақтағандар бүгіннен бастап жұмысқа орналасады. Ал партияның облыстық филиалы трағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат  «Бүгінгі Үкімет мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігін шектемейді» деп шара басында сөз алып, келушілерді бір серпілткен-ді. Айта кетейік бұл шара    Партия доктринасына сәйкес биыл ұйымдастырылған 2-жәрмеңке.

 Айнұр КЕЛІМБЕТОВА «НҰРОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

\…Көктемде ұйымдатырған болатынбыз. Бұл жәрмеңке тек тараз қаласында емес барлық аудандарда ұйымдастырылып отыр.Партия төрағасы Н.Назарбаев пен ҚЖ Кемелұлының тапсырмасы аясында. Біз мүмкіндігінше барлық мүгедектерді қамтуға тырыстық. Барлығына хабарлап айтқанбыз. Егер жұмысқа орналасып жатса біздің бақылауымызда болады. Олар мерзімдік емес тұрақты жұмысқа орналасады…\

Айта кетейік бүгінге дейін   партияның қабылдау бөлімдеріне аталған жандардан 187 өтініш түскен.  Олардың қазірде 66-сы шешімін тапқан. Ал, бүгінгі  шараға келушілердің қарасы тіптен  қалың.Оларға 24 жұмыс беруші мекемелерден 70-ке жуық мамандық бойынша  166 тұрақты жұмыс ұсынылды.

 Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл шарадан барлығы өздеріне тиісті мамандыққа орналаса алады. Егер дипломы жоқ ешжерде оқымаған болса бізде оларға да жағдай жасалған. Бізге келіп оқыту курсынан тіркеле алады. Оны оқып бітіріп, кейіннен жұмысқа тұрады. Осы жылы біз 1883 адамды оқытуды жоспарлағанбыз.  

Соңғы 3 жылда өткен  жәрмеңкелердің  арқасында қазірде 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасыпты. Ал бүгінгі шара да  мүгедек азаматтарқа  екі қолға бір күрек тауып берді.

Нұрлан Әбдікәрім, Лесбек Әбдіжаппар, Нұрбол Қыстаубек   «77 ньюс»