Биыл Тіл туралы заңының қабылданғанына 30 жыл. Ана тіліміздің абыройын арттырып жүрген сала мамандарына мереке қарасаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» табысталды.   Олардың қатарында өңірлік тіл жанашырлары да бар. Ақордадан арнайы жолданған алғысты  бүгін облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова табыс  етті.  

Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатқаны белгілі. Латын графикасына көшу реформасында еңселі еңбек етіп жүрген жандардың бүгін мерейі тасыған-ды. Олардың арасында Күлзинат Мейрамбайқызы да бар. Айтуынша , жолданған алғыс хат бұрынғыдан да зор жауапкершілік жүктейді.

Күлзинат ҚАРЫМБАЕВА М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

\\\Тілді уағыздау, тіл тазалығын қадағалау, латын графикасындағы еңбектердің нәтижесі бүгін шыққан сияқты. Бұл алғыс хат бұданда көп еңбектенуге, көп ізденуге құлшындырған сияқты\\\\\.

Марапаттау рәсімінде Батырғали Ақбаев, Сәмен Құлбарақ, Гаухар Шерімова және Балмира Мырзабаевалардың да еңбегі еленді. Жиында облыс әкімінің орынбасары тағы бір жаңалықтың басын ашты. Айтар болсақ, Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жаңа қазақ әліпбиін үйретуге Қазәліпби.кз онлайн бағдарламасын дайындаған болатын. Аталған жоба республикалық 10 үздік жобаның тізіміне еніп отыр.

Нұрлан Әбдікәрім, Санат Аралбек «77 ньюс»