Жамбыл облыстық қазақ драма театры 84 —  маусымның шымылдығын түрді. «Айша бибі» махаббат дастаны драмасымен басталған бұл маусымда қойылымдар көп болмақ. Мыңжылдықтарды артқа тастаған Тараз жерінің көне тарихынан сыр шертетін спектакльді біздің тілшілеріміз де тамашалап қайтқан еді.

Қойылым авторы, драматург Болат Бекжановтың сөзінше, «Айша Бибі» спектаклі осыдан 10 жыл бұрын жазылып басталған. Қойылым 3 ғасырдай Жамбыл өлкесінде өмір сүрген қараханидтер хандығының тыныс тіршілігін танытып қана қоймай, жаңа махаббат жұбын сахнаға шығарды.

Болат БЕКЖАНОВ  / ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«…Сондықтан осы қаладан, осы дәуірдегі Айша мен Қараханның өзінше өз дәуіріндегі махаббатын жырласам деген, сөйтіп ұлттық махаббат тақырыбына бір шығарма қоссам деген арманым болған.  Ол осындай махаббат дастаны болып дүниеге келді…»

Қараханның тәрбиешісі Шомандурдың рөлін сомдаған актердің сөзінше, сахнада кесек тұлғалы тарихи кейіпкерлердің рөлін сомдау өте қиын. Ұзақ уақыт дайындық, бейнеге ене білу қажет. Дегенмен, туған жердің көне шежіресін түрлендіріп, театр сахнасына шығару үшін мамандар жұмыла күш салды дейді ол.

СНХ: Әбиірбек ТІНӘЛИЕВ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ

«…Меніңкейіпкерімқазіргітілменайтқандаәскериқолбасшы. ЕңбіріншікезектеҚараханды хан етіпсайлаужолындағытәлімтәрбиебергенадам.  Сонда мұныңішіндесөздер де бар — ендігітақтыңиегеріҚарахандейтінсөз бар…»

Пьесаға Астана жастар театрының режиссері Нұрқанат Жақыпбай  жетекшілік еткен. Арнайы Астанадан келіп,  бір айға жуық театр сахнасында дайындық жүргізіпті. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты  Кенен Ақүрпеков Қарахан  рөлін, ал жас актриса Назым Ақылова Айша бейнесін сомдайды.  Музыкасы танымал талант Бағлан Омаровтың қолынан өткен.