Фото:zhambylnews

Соңғы уақытта қала әкімінің тұрғындармен кездесуі жиілеуде. Әрине  билік пен бұқара байланысының нығаюы өркендеуге деген оң қадам іспетті.Сондықтан қала әкімі  әлеуметтік мәселені кабинетте емес, халықпен өтетін арнайы жиында шешуге бет бұрған. Қайрат Досаев бүгін де тұрғындармен кездескен болатын. Ал бұл жолғы жиынла не айтылды, не шешілді? Тілшіміз тарқатсын. 

Қала басшысымен кездесуге базынасын арқалап келген бұқара бұл жолы әдеттегі  әлеуметтік жағдайдан бұрын тұрғын-үй шатырларын мәселе етті. Өйткені алда аязды күндер таяуда. Ал қалада әлі 4 үйдің шатыры жабылмаған.Оның бірі Рысбаева көшесіндегі үй.

Шара НҮСІПБАЕВА / ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен мердігер кісімен күнде сойлесемін. Баратырм келе жатырм дегеннен басқа білмейді. Өзіңіз ойлаңыз. 84 квартира. Балалар да бар. Қазір шатырда мүлдем ештене жоқ. Жаңбыр ақпағанда не ағад. Алда әлі қар жауады. 

Әкімнің hәм тұрғындардың алдында шатырға жауапты мердігер мекеменің қызметкерлері бой көрсетпеді. Ал, тұрғын үйге жауапты маман материалдық тапшылық орын алып жатқанын айтады. Сондықтан  басқа қаладан қажетті материалдар алдырылып жатыр екен.

Қайрат ДОСАЕВ ҚАЛА ӘКІМІ

Көлік 2 сутка жүреді. Демек субота воскресенье келеді. Осы демалыс күндері жұмысты бастайды. Сізге ашығын айтамын.

 Аңсагүл Қасымова — шаһар басшысынан жер сұрап келген тұрғынның бірі. Айтуынша, 15 жылдан бері жалдамалы пәтерді паналап жүр. Есесіне көпбалалы. «Бакытты отбасы» багдарламасына да тіркелген. Тек нақты жауап ала алмай жүр екен. Ал атқамінерлердің айтуынша…

ШУМ:

Жиында көтерілген кезекті проблема – көшелерді жарықтандыру. «Балалар мектептен қайтуға қиналады». Бұл — Сұлтанбаев көшесі тұрғындарының  мұңы. Мұны естіген  Қайрат Досаев аталған көшені жарықтандыруды  келесі жылғы жоспарға енгізетінін айтты.

Қайрат Досаев ҚАЛА ӘКІМІ

Кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандар да бой көрсетті. Олардың қалауы – екі қолға бір күрек табу. Тек көпшілігінің дипломы жоқ. Арасында тіпті орта білім алмағандары да бар екен. Қала әкімі бұл бойынша  жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.   Ал жиында жалпы айтылған проблемаларды  түртіп алған шаhар басшысы барлығы өз кезегімен шешілетінін айтып, тұрғындарды сабырлы олуға шақырды.