Қарттарын қадірлеген ел ардақты. Халықаралық мерекені   Жамбыл облысының аудандары да жоғары деңгейде атап өтті. Ауылдың үлкендерін жиып, мерекелік кештер өткізіп, оларға құрмет көтсетілді. 

Қордайлықтар мәдениет үйінде ауданныӊ дамуына үлес қосқан еӊбек ардагерлері, қазыналы қариялар, алтын құрсақты абзал аналардың қатысуымен  салтанатты жиын өткізді.  Шараға аудан әкімінің орынбасары қатысып, қарияларға аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, бірқатар еңбек ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ,  бұл күні Меркі ауданы да мерейлі мерекені кең көлемде тойлады.  Аудан басшысы Мейірхан Өмірбек  абыз ақсалдармен, ақ жаулықты аналармен кездесті. Кездесуге келген қариялар ауданда атқарылып жатқан бірақ мәселелерге тоқталып, өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Өз кезегінде ұйымдастырушылар қариялардың өскелең ұрпаққа беретін тәрбиесінің маңызы зор екеніне тоқталып, жастарға түзу жол көрсетіп, ынтымақта, бірлікте, өмір сүруге шақырды.  Ал шара соңы әдеттегідей  концерттік бағдарламаға ұласты.