Жамбыл облысында 7000-нан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бірінің физикалық жағынан кемістігі болса, енді бірінің ақыл-ойы баяу дамиды. Диагнозы әртүрлі болса да, барлық бала білім алуға лайықты. Осы мақсатта былтырдан бері өңірде екі инклюзив сыныбы ашылған еді. Жеке орталықтар да жұмыс істейді. Арна тілшісі Ақсәуле Әбітай соларды аралап, аймақтағы инклюзив білім беру әдісі туралы материал дайындаған еді.

 Аружанға бес жасында аутизм деген диагноз қойылған. Яғни, әлеуметпен қарым-қатынасында, қабылдауында қиындықтар бар. Сондықтан, ол алғашында айтқан сөзді түсінуден бұрын, өз киімін кие алмайтын еді. Содан Аружан арнайы орталыққа жазылып, онымен мамандар жұмыс істей бастады. Нәтижесінде 11 жастағы қыздың қазіргі іс-қимылдары біршама жақсарған.

 Рәбиға ӘБІЛАЛИМОВА / АТА-АНА

Ата-аналарға айтатыным шыдамды болсын. Баланы үйде ұстамай, қоғамға қосу керек, қатарға қосу керек. Ең басты баламен жұмыс істеу керек. Баланы өзімен өзін ұстамай, баланы жалғыз қалдырмау керек. Бүкіл уақыттың бәрін балаға бөлу қажет. Үйде болсын, қоғамда болсын, мектепте болсын ол баланы өзімен өзін жауып қоюға болмайды.

Осы орталықтағы жетістіктен кейін Аружан  орта мектепке қабылданды. Бірінші  қыркүйектен бастап ол  32 мектептегі инклюзия сыныбының оқушысы. Онымен бірге мұнда  аутизм дертіне шалдыққан 7 бала оқиды. Сынып  қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы парталармен жабдықталған.

Интершум

Педагогика – психология саласында 10 жылдық тәжірибесі бар Жанар  Сұлтанова жұмыс күнін бірінші сынып оқушыларымен бірге  бастайды.   Ол ерекше балаларға сабақ тыңдауға, мұғалімнің айтқанын игеруге көмектеседі   Әр сабақта шамамен 15 минуттан жарты сағатқа дейін созылады. Ары қарай балалар арнайы инклюзивті кабинетте жаттығады. Оқу бағдарламасының ерекшелігі – ерекше балалар жазуды емес, сыныпқа кіріп, партаға отыруды, тіпті костюмнің түймесін тағуды үйренеді.  Олар үшін, әзірге, ең қажеттісі де осы – қоғаммен араласу.

 ЖАНАР сұлтанова / ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ

«Ал енді қазір көпшілікке  қосылғалы бері жақсы нәтиже болды деп айта аламын. Бір ай болды жұмыс істеп жатқанымызға. олар қазір көпшілікке, жалпы мектепке үйренді балалар. Әлеуметтік ортаға үйренді, солардың жақсы қылықтарын қайталауға тырысады. Бұл үлкен нәтиже деп ойлаймын»

Ал  қалалық 25 мектепте диагнозы әртүрлі балалар да білім алады. Ақыл-ой дамуы баяулаған немесе өзге де дерті бар оқушылар үшін мұнда екінщі ресурстық кабинет ашылған. Қазір сабақ өтіп жатқан «2б» сыныбында 6 оқушы бар.  Барлығында сөйлеу тілінің бірінші және екінші деңгейдегі кемістігі бар.  Сабақ 35 минутқа созылады, сондай-ақ 20 минут дефектологпен дайналады.  Ата-аналар ұсынысымен еңбек, музыка тәрізді сабақтар қарапайым сыныпта өтеді. Айта кету керек, инклюзия білім беру жүйесіндегі маңызды ролді ата-ана да атқарады.

  Толқын Байдуан   / БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

«Айтады гой, ата-ана мұғалім, оқушы қосылып үшжақты пирамиданы құрайды. Үшеуі бірге жұмыс істемесе алға жылжу болмайды. Сондықтан біз ата-анамен қосыла отырып оқушыға білім береміз.»

 Қазір республика бойынша 40 инклюзия сыныбы ашылған. Жаңа ашылған инклюзив сыныптарға балаларын беруге ата-аналар кезекке тұрып жатыр. Арнайы сыныптар саны көбірек ашылса деген тілек бар.