Фото: Алтынбек Қартабай

Қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаздар күні».Бұл мереке Таразда да кең көлемде аталып өтті.  Ұлағатты жандарға арналған салтанатты кешке облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова қатысып, өңір бойынша «Үздік педагогтарды» марапаттады. Ерен еңбегімен көзге түскен мұғалімдер қауымына облыс әкімінің Құрмет грамотасы және ақшалай сыйлықтар табысталды. Жиынға біздің арна тілшісі де қатысып қайтты.

Білім саласында тер төгіп жүрген әр ұстаздың басты мақсаты осы. Ұстаздық жолға өмірінің 21 жылын арнаған Айман Әлібаева да басты жеңісім мен жемісім – шәкірттерім деп біледі. Ол осы жылдар ішінде мыңдаған ел азаматын тәрбиелеп шықты. Бүгінде олардың дені жоғары қызметте. Еңбегі бағаланып бүгін салтанатты кеште облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

Айман ӘЛІБЕКОВА  САРЫСУ АУДАНЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ

/Ұстаз деген бала жанының бағбаны. Мейірімді, төзімді, сабырлы және жаңа заманның талабына сай білімді болуы керек. Білім саласында 21 жыл өтілім бар. Әлі де олны көп деп ойламаймын. Осы саланы жалғастырамын. Ешқашан да шаршамаймын. жалықпаймын/.

Шара барысында «Үздік педагог» конкурсының 15 жеңімпазы облыс әкімінің Алғыс хатымен, ал 12 ұстаз облыс әкімінің Құрмет грамотасын алды. Оларға қаржылай сыйлықтар да табысталды.

 Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Жыл сайынғы мұғалімдерді білім саласындағы табыстары республика көлемінде блегілі көрініп жатыр. 31 мұғалім үздік педагог атыныпты. 1200 мұғалім жүлделі орын алған. 75 пайызы биыл бітірген түлектерді ЖОО түскен. Сондықтан да бұл үлкен жетістік/.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 25 мыңға жуық мұғалім бар. Оның отыз бірі республика бойынша «Үздік ұстаз» номинациясын иеленгендер.

Гүлжан Серік, Лесбек Әбдіжаппар 77 ньюс