Фото: Алоис Назаров

Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің әдебиетін көтеру мақсатында халықаралық әдеби бәйге жарияланады. Оған  Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннаншығармашыл топтар қатыса алады. Бұл туралы бүгін «Жібек жолы бойындағы сұхбат — 2019» халықаралық конференциясы барысында айтылды. Одан бөлек, шара барысында мамандар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың бір өлеңін 25 тілге аудару жайлы уағдаласты.

«Жібек жолы бойындағы сұхбат» осымен 14 – ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Соның ішінде Тараз жерінде үшінші рет ұйымдастырылды. Шараға алыс – жақын шет елден 200 – ге жуық білікті маман қатысты. Әр мемлекеттен келген ғалымдардың мақсаты — ортақ. Тілеуі – бір.  Ол: Ұлы Жібек жолының тарихын насихаттау, ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау.

Мұрат ӘУЕЗОВ ҚР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ

/Ұлы жібек жолы бойындағы елдердің әдебиетін көтеру мақсатында бәйге жарияланады. Бауырлас елдердің арасында бәйге жариялау туралы ұсыныс ұсынып отырмыз. Кімде не бар екннін білмейміз, соны насихаттамақпыз/.

Шара барысында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңін 25 елдің тіліне аудару жайлы тың идея ұсынылды. Себебі, Абай күллі Орта Азия мемлекетіне танымал ақын.  Бұл шара келесі жылы іске асырылады. Әзірге ақынның нақты қай өлеңі екені белгісіз. Талқылану үстінде.

Светлана АНАНЬЕВА  ЖАЗУШЫ

/Одан бөлек, біз Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысын насихаттайтын телеарна ашуды ұсынып отырмыз. Біздің Мәжілістегі депутаттар тобы  бұл ұсынысты мінберден жолдады. Қазір қаралып жатыр. Келесі жылы телеарна өз жұмысын бастауы мүмкін/.

Айта кетейік, Орта Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған жиын қортындысы бойынша бейнефильм түсіріледі. Шара келер жылы тағы жалғасады.

Гүлжан Серік, Лесбек Әбдіжаппар 77 ньюс