Фото:camonitor.kz

«Есірткісіз жарқын болашақ!» Жастар аллеясында дәл осындай атаумен акция ұйымдастырылды. Шарада есірткі заттарының қоғамға қаупі жайлы айтылып, онымен күрес жолдары жайлы мәлімет берілді.

Өңірде есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес күшейтілген. Әсіресе, жастар арасында профилактикалық жұмыстарға үлкен мән беріледі. Акцияның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықпен күрес және іс шараларын күшейту болды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат Әлметов, есірткінің адам ағзасына  зияны туралы жастар арасында жиі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін баса айтты.

Асхат ӘЛМЕТОВ  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Әлеуметтік желілер есірткі бизнесін жүргізудің бір жолына айналды. Өткен жылмен салыстырғанда, зиянды заттарға қызығушылық танытқандардың қатары артқан. Статистикаға сүйенсек, жарты жылда есірткі тұтынатын 703 адам тіркелсе, оның 379 психотропты заттар екені анықталған. Көрсеткіштің кемуі тек алдын алумен шектелмейді. Ол үшін ата ана балаға дұрыс бағыт беріп, уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауы тиіс.

Нұрлан ҚАНАТОВ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ

Есірткінің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін баріміз білеміз.Алайда, жастар желі арқылы зиянды заттарды сатып алып жүр. Сондықтан іні қарындастарыңыздың телефонына қадағалау жүргізіп отырыңыздар. Бұл аса маңызды.

Акция барысында көрермендер тек әртістер мен спортшылардың өнерін ғана емес, сонымен бірге нашақорлықтың алдын-алу және есірткі бизнесіне қарсы басқарма мамандарының қойылымдарын да тамашалады.

Екатерина Иващенко, Санат Аралбек, 77 ньюс