Фото: Ғылым және Білім министрлігінің сайтынан

Жамбылдық педагогтар білім беру ісінде үздік екендігін бүкіл ел мойындайды. Олай дейтініміз, жуырда ұстаздар арасында республикалық байқау өткен болатын. Оған елімізден  жалпы саны 130 дан астам маман іріктеуден өткен еді. Дәстүрге айналған конкурсқа Жамбыл облысының атынан 4 педагог қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Білім министрінің марапатына ие болған жандарды темір жол вокзалынан бүгін әріптестері мен шәкірттері күтіп алды.  

Ұстаз-ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беріп, ізгі қасиеттерді бойына дарытқан жандардың еңбегі ерен. Ал шығармашылық әлеуетімен ерекшеленген ұстаздар  Астанада арнайы құрметке ие болды. «2019 жылдың үздік педагогы» атағын алғандардың қатарында Айгүл Қалмаханова  Бақыт Күдериева, Мұхтар Талқанбаев Ертаев Еркебұлан.

  Айгүл ҚАЛМАХАНОВА / ЖАМБЫЛ АУДАНЫ Б.БЕСПАЕВ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ 00016

Біріншіден алғысымды білдіремін қай уақытта болсын әрине айтады ғой ең бірінші өзінің ұстазына айту керек алғысын деп. Сол сияқты ұстаздарым мені баптаған,тәрбиелеген,шыңға биікке көтерген.Бұлда біржас мамандарға үлгі болатындай , өнеге болатындай байқау. Өйткені жылда өткізілетін «Үздік Педагог»байқауы соның барлығын мұғалімнің нәтежиесін,жұмысын қаншалықты жеңіл емес екенін,қаншалаықты ауыр екенін бағалайтын байқаудың бірі деп есептейміз.

 Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Бұл Айгүл Қалмаханованың ұстанымы.  Озық педагогикалық тәжірибесімен топ жарған жамбылдық ұстаз енді «ӘЛЕМ МҰҒАЛІМІ»  байқауында бағын сынап көрмек.