Жұмыс алгоритміне сай аудан әкімі Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Каменка,Жалпақсаз,Тасшолақ, Қазақ ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралап,жұмыстарымен танысты.

Әр ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеп,басты проблемаларын тұрғындармен сұхбаттасып,білді. Білім мекемелері мен медициналық нысандардың жұмысын көріп, қызметкерлермен кездесті. Туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен нақты тапсырмалар жүктеді.

Жұмыс сапары аясында жоспарға сай аудан әкімі Қарақыстақ ауылдық округі тұрғындарымен мәдениет үйінде кездесу өткізді.Тұрғындар тарапынан ауылды газдандыру,жайылым жер қорын көбейту,мал ұрлығы, көше жолдарын жөндеу мен жарықтандыру сияқты өткір мәселелер қойылып, шешілу жолдары бойынша нақты жауаптар берілді. Субсидиялау мәселелері, Тасшолақ ауылының ауыз су мәселесі, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету,Жалпақсаз бастауыш мектебіне баратын жолды жөндеу, жаңадан үй салған тұрғындарды ауыз су және электр жүйесімен қамту мәселелері көтеріліп,өз кезегінде орындалуын қадағалау бойынша сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.