Жұмыс алгоритміне сай аудан әкімі Е.Садырқұлов ауданда тіркелген ҮЕҰ төрағалары және мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде ҮЕҰ -дың аудан аумағында атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы ішкі саясат бөлімі басшысы Л.Өтеулиева хабарлама жасап,өз ұсыныстарын жеткізді.

Барлық ҮЕҰ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар сараланып,орын алған проблемалар да айтылды.Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал мен өзекті проблемалар зерделеніп, 2020 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымын кеңейту мақсатында бірнеше өзекті тақырыптар айқындалғанын, қаржы көзін қарастыру мәселесі көтерілді.

ҮЕҰ төрағалары С.Әбдіқадыров, А.Райымқұлов, С.Өтегенов, М.Әденов, Б.Әлі, Б.Мырзалиевалар өз ұсыныстарын айтып, бірлестікте атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Аудан басшысы ұсыныстар мен сұрақтарға жауап бере отырып, алдағы уақытта атқарылуға тиіс жұмыстардың жоспарын нақтылап,нәтижеге бағытталған шаралар өткізу бойынша тапсырмалар берді.