Фото:tarsu.kz

Алғаш ұлттық нақыштағы брендті  қалыптастырған білім ордасы Аспара колледжіне — 20 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған «Ғажайып қолөнер әлемі» атты байқау өз мәресіне жетті.

 20 жыл аз уақыт емес. Осы уақыт арасында білім ордасы толайым табыстарға қол жеткізді. 1999 жылы  іргетасы қаланған колледж талай маманды даярлап шықты. 1500 түлектің ішінен тек өңір ғана емес, шет елге де танымал болғандар жетерлік. Осы оқу орныннан түлеп ұшқан ең мықты сән дизайнерлері бүгінде Әлемдік аренада Қазақстанның атын шығаруда. Мерекеге орай ұйымдастырылған шарада колледждің  бірқатар мамандары сіңірген ерекше еңбектері үшін құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанантты кеште құттықтау сөз алған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова сүттей ұйыған ұжымға игі телегін білдірді. .

 Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА- ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Тігін өнер», «Дизайн» және Шаштараз өнері бойынша дайындайтын «Аспара» колледжі  әрбір студенттің әлемдік бәсекеге қабілетті болып, білікті маман болып шығуына барлық мүмкіндіктерді қарастырған. Сапалы білім, саналы тәрбие алған ұрпақ қана жоғары зияткер ұлт қалыптастырады, тәуелсіз мемлекетімізді өркендететіні анық. Ал, «Ғажайып қолөнер әлемі» байқауына 200 ге жуық оқушы  қатысты. «Аспара Фэшн уейк» сән апталығы аясында ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеу және жастардың  қол өнерге қызығушылықтарын ояту.

 Айдархан ҚАЛИЕВ – «АСЫЛ-ДИЗАЙН» СӘН ҮЙІНІҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ

Көрмеде көздің жауын аларлық дүниелер жетерлік. Көпшілік назарына шәкірттер өздері дайындаған бұйымдар ұсынылды. Он саусағынан бал тамған шеберлердің туындылары көрермендердің көңілінен шықты. Келушілерді әсіресе, ұлттық нақыштағы көз жауын алатын әсем өрнектелген дүниелер қызықтырды. Тартысқа толы болған жарыстың қорытындысы бойынша бірінші  орынды Жамбыл, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарының қолөнер шеберлері өзара бөлісті. Ал, үшінші орын Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының оқушыларына бұйырды.