Фото: Уәли Болатбек парақшасынан

Серікбол Берікқожа Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жас Отан Жастар қанатының төрағасы Уәли Болатбек фейсбуктегі ресми парақшасында мәлімдеді. 

Серікбол Берікқожа осыған дейін облыстағы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы,қалалық мәслихат депутаты лауазымында болған. Ал облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының қызметінде Мәди Мәтен отырған еді. Айта кетейік, осыған дейін қоғам белсендісі Исламбек Дастан өз парақшасында конкурстық комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмесін жариялаған. Онда Серікбол Берікқожаның осы лауазымға кандидатурасын ұсынғаны жазылған. Әзірге, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының сайтында ресми мәлімдеме жарияланбаған.