2019 жылы 15 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

Марапаттау рәсіміне үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, зиялы қауым, жастар, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатыстады.

Салтанатты құттықтау рәсімінің мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болып табылады.

Облыстық деңгейде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталды:

— «Жыл меценаты» — Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін.

— «Туған өлке» — Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін.

— «Жыл тұлғасы» — Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғалар үшін).

— «Жылдың үздік ұйымы» — Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін).

— «Ерен еріктілік» — Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін.