Осыдан тура 20 жыл бұрын Жамбыл  облысында  жаңа кәсіпорын — «Қазфосфат» ЖШС-і құрылған еді. Дәл сол уақытта компанияның болашағын елестету мүмкін болмады. Өйткені, зауыттың дамуы жолында көптеген кедергілер тұрды. Қиындыққа қарамастан, кәсіпорын сындарлы сәттерді өткеріп, жұмысын жандандырды. Қазір өңір азаматтарын жұмыспен қамтып, ірі салық төлеуші компанияның біріне айналды. Ал бүгін 20 жылды артқа тастаған өндіріс ошағы жаңа белеске аяқ  басып, айтулы күнді атап өтті

20 жылдық белес. Осы уақыт аралығында алпауыт кәсіпорын түрлі химиялық өнімдерді нарыққа шығарып, көшбасшыға айналды. Әрине, бұл жетістікке өндіріс ошағы  қажырлы еңбек пен төзімнің  арқасында  қол жеткізді.  Бүгінде  компанияның  Түркістан мен Алматы облыстарында  да бөлімдері жұмыс істейді. 6 мыңнан аса қызметкері бар   кәсіпорын 7 филиалдан тұрады. Қазір зауыт сары фосфор,  ферофосфор, ортофосфор қышқылы сынды 20-ға  жуық  өнімді нарыққа шығарып отыр.