Фото:foodindustry.kz

2022 жылдың қыркүйек айынан  бастап облыста қуырылған картоп таяқшалары өндіріле бастайды. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен голландиялық Farm Frites компаниясының жобалық директоры Йос Ден Бурдың кездесуінде белгілі болды. Сондай-ақ, басшысы түркиялық «QAZAQ SODA LLP» компаниясының директоры Исмайл Жейланды да қабылдады. Кездесу барысында тараптар Сарысу ауданында қолға алынған кальцийлендірілген сода өндірісі бойынша жұмыс істейтін өндіріс ошағын ашу мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгінде қуырылған картоп таяқшалары өндірісі бойынша әлемдегі ең үздік 5 компанияның бірі саналатын голландиялық кәсіпорын тамақ өнеркәсібінің алпауыты деп танылған «McDonalds» мен «KFS»-ді шикізатпен қамтамасыз етіп келеді. Алғаш өнімін жарты ғасыр бұрын  шығарған Farm Frites келер жылдың басында «Тараз» химиялық паркі  еркін экономикалық аймағынан зауыт құрылысын бастамақ.

Йос ДЕН БУР «FARM FRITES» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

–Біздің компания Қазақстан нарығына 2015 жылы келді. Осы аралықта біз Қазақстанның барлық аумағындағы картоп алқаптарынан сынама алдық. Дәл осы Жамбыл өңіріндегі сынама жоғары өнімділік көрсетті. Оған қоса біздің жобаға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы қызығушылық танытып, «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағында жұмыс жасауды ұсынды. Біз бұл ұсынысты қуана қабылдап, еркін экономикалық аймақтың мүмкіндігін зерделедік. 2020 жылдың сәуір айында зауыт құрылысын бастап, 2022 жылы алғашқы картоп фриін нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 мың тоннаны құрайды, –дейді

Компанияның өндіріске қатысты жоспарымен танысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірдің зауытты шикізатпен қамтудағы жоғары әлеуетін ескеруді айтты. Мәселен ағымдағы жылы облыста 10 мың гектар алқапқа картоп егілген. Өңір шаруалары картоп алқабын сұранысқа байланысты ұлғайтуға ниетті.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз де өз тарапымыздан бұл жобаның тиімділігі көріп отырмыз. Картоп фриінің өндірісі инвестициялық жоба ғана емес. Әрі ауыл шаруашылығының әлеуеті көтерудің тағы бір мүмкіндігі .Жамбылдық шаруалар компанияны шикізаттың қажетті қорымен қамтамасыз ете алады. Оған қоса өңірге ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу саласында заманауи жабдықталған зауыт қажет. Осы факторларды ескере отырып, біз жобаның іске асырылуын құптаймыз. Келісімді ресми түрде рәсімдеп онда жобаны жүзеге асырудағы әкімдік жауапкершілігінде ескерген жөн, –деді  

Өңір басшысы кездесуде голландиялық компания өкілдеріне зауытқа қажетті кадрларды дайындаудың мүмкіндіктері де қарастырылатынын жеткізді.  Ал, «QAZAQ SODA LLP» компаниясының директоры Исмайл Жейлан облыс әкімінен электрэнергиясы бойынша туындаған мәселені шешіп беру туралы өтінішпен қайырылды. Сондай-ақ компанияға өнімді тасымалдау үшін қажетті теміржол құрылысын бастау үшін жер қажет. Өз кезегінде өңір басшысы инвесторларға қажетті инфрақұрылым желілерін тартуды бюджеттен қаржыландырудың өз талаптары бар екенін ескертті. Сондықтан, келер жылға бюджеттік өтінім беруге үлгермеген өндіріс ошағының басшылығына қажетті жұмыстарды әзірге өз қаржысымен жасауға тура келді.

Исмайл ЖЕЙЛАН «QAZAQ SODA LLP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жобаның алғашқы кезеңінде компания 400 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Ал өндіріс ошағы ашылған сәтте жалпы жұмысшылардың 95 пайызын жергілікті тұрғындар құрамақ

Түркиялық тарап бұл талапқа келісім беріп, оны арнайы құжатпен рәсімдеуді ұсынды.. Сәйкесінше кездесуді қажетті кадрларды даярлау мәселесі де сөз болып, тараптар өзара келісімге келді.