Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала бойынша соңғы 2 ай ішінде 138 көше жөндеуден өткен. Ұзақ жылдар бойы құрылыс көрмеген көшелерге асфальт төселіп, орта деңгейдегі жөндеу жүргізілді.  Бұдан бөлек көпбалалы аналарға арналған жатақханалар салынып жатыр. Күні кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов аталған нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысып қайтқан еді. Тараздағы әлеуметтік өзгерістер туралы тілші сюжетінде.

 Аймақ басшысы ат басын бұрған нысанның біріншісі – «Тайвань» алқабы. Бұл ауданда ұзындығы 27 шақырым болатын 18 көше болса, қазір соның 14-не орта деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осыған дейін асфальт көрмеген көшелерге қалыңдығы 5 см жаңа жол төселді.  Дәл қазір 85 учаскеде асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді мұнда күздің нөсерлі жауыны мен лай батпағы қауіп емес. Балалар мектепке де таза барады. Дегенмен , көпшіліктің жаңа жолдың үстіне  жол кедергісі болса деген тілектері бар.

Аруна МҰСАБЕКОВА/ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Сонымен қоса, асфальт төселген көшелерге жарықтандыру жүргізу мәселесі талқыланып жатыр. Тек көпшіліктің жүргіншілер жолы болса деген тілегі кейінге шегерілді. Бекітілген стандарт бойынша ол тек ені 20-30 метр болатын даңғыл мен көшелерге ғана жол төселеді. Ал мұндағы жолдың ені 5-6 метрден аспайды, әрі жол бойындағы тұрғындардың аулалары да кедергі болып тұрған көрінеді. Жаяу жүргіншілер жолы мәселесі қала бойынша өзекті. Шаһардағы 1330 көшенің 1100-де жоқ екен. Алдағы жылы бұл проблема кезең-кезеңімен шешілмек. Айта кетерлігі, Тараз қаласында жалпы ұзындығы 78 шақырым жол жөнделуде. Ол дегеніміз 138 көше және бұрылыстар мен тұйықтар бар. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен  481 млн теңге қаржы қарастырылған.

Асқар Мырзахметов назарына алған келесі нысан  – «Қарасу» шағын ауданындағы көпбалалы отбасыларға арналған жатақхана құрылысы. Өңір басшысы арнайы келген «Қарасу» шағын ауданында 45 пәтерден 4 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылып жатыр.  Егер жоспар орындалып, желтоқсанда пайдалануға берілсе, мұнда тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылар қоныстана алады. Әр пәтерде 2 бөлмеден, жуыну бөлмелері толығымен орналастырылған. Мердігер компанияның мәліметінше, құрылыс қарқынды, тіпті бір аптаға кестеден ерте келеді. Түгелімен отандық өнімдер қолданылған.

 Мади ИЗЕНБАЕВ / «БИНОМ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қала тұрғындары үшін алаңдаулы нысанның бірі «Ақбұлақ» шағын ауданындағы №9, №17 үйлердің жөндеу жұмыстары. Биылғы өрттен кейін мұндағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары едәуір бүлінген болатын. Енді жүргізілген күрделі жөндеудің нәтижесін облыс әкімі Асқар Мырзахметов та тексеріп шықты. Бұл жердегі шатырлар қалпына келтіріліп қана қоймай, кіреберістері, инженерлік желілері күрделі жөндеуден өткен.

 Осы жылы Тараз қаласында барлығы 989,6 млн.теңгеге 25 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 540 млн.теңге қала бюджеті есебінен болса, қалған қаражат алдыңғы жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерден қайтарым қаржы есебінен. Бүгінгі таңда қала бойынша барлығы 1298 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде бүгінгі күнге 300-ге жуық үй күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Келер жылға 3,4 млрд.теңгеге 80 үйдің жөндеу жұмыстарына республикалық қазынадан қаражат бөлуге өтініш жіберілген.

Ақсәуле Әбітай, Санат Аралбек 77ньюс