Фото:zhampoz.kz

Жасөспірімдер жат діни ағымға жеңіл ілеседі. Сол үшін де жастардың діни  сауаттылығын  арттыру кезек күттірмейтін мәселе. Ал, оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беруде   ұстаздарға артылар жүк орасан.  Осыны ескерген облыстық дін істері  басқармасы мектеп мұғалімдеріне арнап   3 күндік   оқыту-семинарын өткізді.  Толығырақ әріптесім Аят Асқарбекұлы тарқатсын.

Жастарды жат ағымнан сақтандыру. Оқыту-семинары осыны көздейді. 3 күн ішінде қатысушылар  теріс діни ағымдармен күрес, діни экстремизмнің  алдын алу сынды өзекті мәселелерге  тоқталып,  сауалдарына жауап алатын болады.  Бұл орайда,    имамдар мен дінтанушылар педагогтарға дәріс оқымақ.

 Еркебұлан АҚБАЙ  / ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

/…бізде деструктивті  діни бағыттағы азаматтарымыз бар…/   /…Бұл ретте ол азаматтармен жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, жастар мен жасөспірімдердің деструктивті  діни бағытқа  кетіп қалмауы мақсатында  олардың діни сауаттылығын  көтеру үлкен міндет болып отыр. Бүгінгі іс-шараның да негізгі мақсаты осы. Жастар мен жасөпірімдерге профилактикалық жұмыс болып табылады…/

Айта кетейік, Жамбыл облысында діни ахуал тұрақты.  Бұл бағытта арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы да құрылған. Топ құрамында  дінтанушы, теолог пен психолог  мамандар бар.  Өз кезігінде,  ұйымдастырушылар бұл семинардың берері мол дейді. Өйткені, ұстаздарды оқыту оқушылардың теріс ағымнан бойын аулақ ұстауына ықпал етеді.

 Бақтияр АЛПЫСБАЕВ  / ДІНТАНУШЫ 

/…бұл 3 күндік  семинардан күтетін нәтиже бар.  Бұл қазіргі уақытта аудан, қала мектептерінде өтетін зайырлық және дінтану негіздері  пәніне байланысты. Осы пәнді жүргізетін мұғалімдердің  сол білім беру жүйесіндегі зайырлық  принціптерін негізгі жүйесін іске асыру және оқушылармен діни экстемизмнің алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып,  оқушылармен жұмыс жасау барысында негізделген…/

 Семинар аясында тек қала мектептерінің ұстаздары ғана емес, ауыл-аймақтың мұғалімдері де қамтылмақ. Ал оқыту-семинары енді аудандарда  жалғасатын болады.

Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір, Дінмұхаммед Әбдірахманов,  «77news»