Тарихи Тараз топырағында «Аspara fashion week» халықаралық сән апталығы басталды. Сән көрсетілімі аясында шет мемлекеттер мен отандықдизайнерлердің туындыларыкөпшілік назарына ұсынылды. Халықаралық деңгейдегі сарапшылар сәнгерлердіңнеофальклор стиліндегі киім үлгілеріне баға беріп,  таңдау жасады. Дәстүрге айналған апталық аясындағы байқаумен басқосу жайын арна тілшілері айтады. 

 «Аspara fashion week». Әлемнің үздікдизайнерлері бас қосатын айтулы шара. Азия мен Еуропадан келген сән эксперттері мен 10 мемлекеттен келген сәнгерлер апталығы биылда Жамбылда жалғасын тапты. Бұл жолы да дизайнерлер өткеннен сыр шертіп, тарихты танытатын «неофольклор» стиліндегі киім үлгілерінкөпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, заманауи киім үлгілері де назардан тыс қалмады.

Марианна МИЧЕЛЛИ    /  САРАПШЫ  (ИТАЛИЯ)

/…Түрлі бағытта өтетін сән апталығына үнемі қатысамын. Әсіресе, маған қазақстандық дизайнерлердің қазақы нақыштағы киім үлгілері қатты ұнайды. Ал биылғы сән апталығы жоғарғы деңгейде өтеріне сенімдімін…/

Байқаудан кейін болған баспасөз-мәслихатында шетелдік сәнгерлер отандық сән апталығы туралы ойларымен бөлісті.  Азиялық сән өзгеше, тың бағытта. Подиумға шыққан киім үлгілеріне қарап отырып қолөнер, ою үлгілері тәрізді тұстарын түртіп алып отырдық дейді италияндық сәнгерлер. Апталық барысында әлемдік деңгейдегі  сәнгерлердің көрсетілімдері өтеді. Кешті ашатын «Асыл-Дизайн» отандық сән үйінің басшысы Айдархан Қалиев топтамасының басты бейнесіне кимешекті таңдаған.

 Айдархан ҚАЛИЕВ / «АСЫЛ-ДИЗАЙН»  СӘН ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Aспарафэшн уик сән апталығы екі күнге созылады. Осы уақыт ішінде Италия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Түркия сәнгерлері өз топтамаларын көпшілік назарына ұсынбақ.