Фото: Юрий Ким

Кимешек тек  ұлттық бас киім ғана емес, жаңа сән үлгісі ретінде танылды. Жергілікті дизайнер Айдархан Қалиев «Аспара Fashion Week» сән апталығында «Тараз перілері» атты жаңа топтамасын таныстырды.  Топтаманың басты бейнесі – жаңаша әрленген кимешектер. Украина, Польша, Қырғызстан дизайнерлері жиналған сән кеші туралы тілшіміз Ақсәуле Әбітай айтады.

«Аспара Fashion Week» сән апталығының бірінші күнінде 8 дизайнер 2020 жылдың көктем-жазына арналған туындыларымен таныстырды. Көрсетілімді Айдархан Қалиевтің топтамасы ашты. «Кимешек киген сәнбикелер  дала аруларын бейнелейді», дейді ол. Болашақта өзіндік қасиеті бөлек кимешек Наурызда ғана киетін экспонаттан күнделікті тұрмысқа қайта енуі мүмкін. Дизайнер әзірге, бұл ұлттық киімді заманауи стильге енгізудің алғашқы тәжірибесі деп отыр. Жаңа топтамасын өзінің анасына арнаған.

 Айдархан ҚАЛИЕВ // «АСЫЛ-ДИЗАЙН» СӘН ҮЙІНІҢ ИЕСІ

 Бұл топтмаманың негізгі философиясы  яғни негізгі идеясы  менің анама арнаудан туған. Топтаманың басты бейнесі – заманауи түрге лайықталған кимешек. Оны өте құрметті, үлкен жстағы әйелдер киген.  Бірақ бүгін оның сан алуан түрін көре аласыздар. Мен өз елімнің патироты ретінде мәдениетімізді өзгелерге танытуға тырысамын.

 Сән кешіне ұлттық образдағы киімін арнайы киіп келгендер де бар. Қырғызстаннан келген сәнген көпшілікті өзінің образымен тамсандырды. Оның айтуінша, көрші елде бір ғана кимешектің 40-қа жуық түрі бар екен.  Әзірге дизайнерлер оның 13 түрін зерттеп, қайта жаңғыртуға тырысып жатыр дейді. Жалпы сән апталығына Италия мен Түркиядан, Ресей мен Украинадан әлемдік сән индустриясындағы  өз орнын тауып үлгерген дизайнер келді. Әрбірінің топтамасында өз ұлтының қолтаңбасы сезіледі. Таразға бірнеше рет келген қонақтар  әр келген сайын қаланы жаңа бір қырынан танитындарын айтады.

Марианна МИЧЕЛИ / MILAN FASHION WEEK ПРЕЗИДЕНТІ, ИТАЛИЯ

Мен Тараз әйелдерін жақсы көремін. Олар өздерінің мәдениетін, дәстүрін ұмытпағаны қызықтырады. Дегенмен, жаңашылдықтан да тысқары қалмаған. Әлемдік сән индустриясының трендтеріне әрдайым ашық.

Кешке жиналған көпшілік шетелдік дизайнерлердің киімдерін тамашалап қана қоймай,сатып алуға да тырысты. Шоу-румға қойылған сән үлгілеріне қызыққандар аз емес. Киімдердің бағасы да қолжетімді. Ұлттық нақыштағы әшекейлер мен акссесуарлар да осы жерден табылады.  Кешке келген қонақтар да осындай мүмкіндіктің берілгеніне риза болды. Әрқайысы  отандық және шетелдік дизайнерлердің қолынан шыққан, қайталанбас туындыларды алуға асық.

Қарлығаш АРАЛБЕКОВА /  ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

17 қазанда сән апталығының екінші күні жалғасады. Бұл күні еуропалық дизайнерлердің сән топтамаларын тамашалауға болады.