Жамбыл облысында ішкі және сыртқы туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Біздің өңірге келіп, тарихи-мәдени ескерткіштермен танысқан  тур операторлар осылай дейді.

КТМ: Туристік компания өкілдері ақпараттық тур аясында  «Айша бибі», «Дәуітбек»,  «Ақыртас», «Қарахан баба»  сынды ескерткіштерді аралады. Қонақтарға гидттер бағыт-бағдар беріп,  тарихи орындар туралы ақпараттарымен бөлісті.  Қонақтар тек  көне ескерткіштермен танысып қана қоймай,  қаладағы жаңа нысандардың  да бүгінгі келбетін көзбен көрді. Өз кезегінде, туристік компания өкілдері Таразда туристерді қызықтыратын нысандардың  көп екенін атап өтті.

 Айша ШАЙЗАДАЕВА   /   «GATC»  ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

Сондай-ақ, туристік компания өкілдері тарихи ескерткіштерді аралаумен қатар,  жамбылдық мамандармен өзара мемарандумға қол қойды. Мұндағы  мақсат — қазақстанның туристік әлеуетін бірге көтеру.  Осы арқылы облыстық туризм басқармасы мен өзге өңірдің тур  операторлары жүйелі жұмыс істеуге уағдаласты.  

 Аят  Асқарбекұлы, Лесбек Әбдіжаппар, «77news»