Фото:qyzmet.gov.kz

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес күшейе түседі.  Аймақта түрлі жобалар қолға алынып,  оң өзгеріс пен  жоғары нәтиже күтілуде.  Бұл туралы  БАҚ өкілдеріне  жауапты сала мамандары мәлімдеді.  Толығырақ әріптесім тарқатсын.

 Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы  —   азаматтардың  сенім деңгейін  ұлғайтуға сеп  болары сөзсіз.  Сондықтан барлық мемлекеттік мекемелер халық үшін  ашық болуы тиіс. Мәселен,   енді   кез келген азамат  бюджет қаржысының  жұмсалауын қадағалап,   қаражатты бөлу бойынша ұсыныстарын жолдай алады. Күтілетін нәтиже  де жаман емес. Алдымен бұл жоба — жемқорлықтың алдын алса,  тағы бір  мүмкіншілігі —  көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарады. Ал осы мақсаттағы жұмыстар аймақта басталыпта кетті.

 Равиль ТӨЛЕБАЕВ    /   ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

/…Аталған жобаны Жамбыл облысында  жүзеге асыру мақсатында  Департамент  тиісті мекемелермен тұрақты байланыста.  Жамбыл облысында қазіргі  таңда  1084  мемлекеттік мекеме  Интерактивті  картадағы кабинеттерін   құрған болса, оның ішінде  бекетілген  кестеге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың  басқармалары мен  бөлімдеріне  бағынысты  900 мекеме өз бюджеттері  туралы мәліметтері енгізеді. Ал әкімдіктердің, басқарламалар мен  бөлімдердің  және  аумақтық органдар мен ауылдық округтерге  қарасты мекемелердің  бюджеттерін картаға енгізу жұмыстары 2020  жылы жүзеге асырылмақ…./

Жобаның тағы бір тиімді тұсы  —  мемлекеттік мекемелер тек бюджет қаражатының жалпы сомасын ғана жариялап қоймайды.  Ақшаның  қандай мақсатта және қашан жұмсалғандығы  туралы егжей-тегжейлі  ақпараттарды жариялап отырады.  Жоба аясында облыстағы мектептерде қамтылып отыр. Яғни, ата-аналар  білім  ұясының жөндеу жұмыстарына  бөлінген қаражатты арнайы карта арқылы бақылап отырады.  Өз кезегінде, бұл негізсіз ақша жинаудың алдын алады.  Ал  мамандар қолға алынған жобаның  оң нәтиже беретініне сенімді. Осы арқылы  бармақ басты, көз қысты әркеттер тыйлады деп  күтілуде.

Аят  Асқарбекұлы, Лесбек Әбдіжаппар, Ұлжан Таласқызы,  «77news»