Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жақында аудан әкімі Нарбай Ергебеков аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерімен және бірқатар жастармен кездесті. Жиын аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткізіліп, алдымен жастар музейдің археология залындағы жәдігерлермен танысты.

Жалпы ауданның ежелге тарихы мен құрылу тарихы, жер-су атаулары, қасиетті Жуалы жерінен шыққан батырлар мен айтулы тұлғалар жөнінде музейдің ғылыми қызметкері, үздік өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев кеңінен айтып берді. Жиынның негізгі бөлімінде аудан әкімі сөз алып, басқосудың күн тәртібінде қаралатын мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Келесі кезекте аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мейіржан Телеушов ауданда ағымдағы жылдың тоғыз айында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ауқымды баяндама жасап, алда тұрған мақсат-міндеттерді де атап өтті.

-Ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылы 9 ақпандағы Қазақстан Ре с пу бл и к а с ы н ы ң М е мл е к ет т i к жастар саясаты туралы Заңы және «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында өз деңгейінде жүргізілуде. Жастарды әлеуметтендіру процесі – бұл, жастарды қоғамдықсаяси өмірге қосудың басты тетігі. Объективтілік тұрғысынан, жас ұрпақтың қоғамның дамуына қатысу мәселесі ел дамуының сапасы мен қарқынын, сипатын көрсетеді. Заңның мақсаты – жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.

Ж а л п ы а уд а н д а с т ат и с т и к а көрсеткіштері бойынша 2019 жылы тұрғындар саны 52 523 адамды құраса, оның ішінде жастар 13 409 адамды құрап, жалпы халықтың 25,8 пайызына тең болып отыр. Неке құрған, әскерге жіберілген, мемлекеттік қызметтегі және ауруханада тіркеуде тұрған жастар туралы айтсам, мемлекеттік қызметтегі 30 жасқа дейінгі жастар саны — 54 адам құрады. (2018 жылы 41 жас). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,10 пайызға артты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша әскер қатарына іріктеуге 1510 жас шақырылып, бүгінгі күні 110 жас әскерге аттанса, 15 жас жарамсыздар қатарында қалып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тоғыз айында аудан бойынша 104 жас шаңырақ көтерген.

2018 жылғы 28 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасының 4.1 тармағында Жастар жылына орай жергілікті жердегі «Жастар ресурстық орталықтарын» дербес ғимаратпен қамту мәселесін шешу тапсырылған болатын. Өкінішке орай, бұл тапсырма бүгінгі күнде өз шешімін таппай отыр. Қазіргі таңда «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі Жамбыл көшесі 18/1 мекенжайда орналасқан. Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі жастарды жұмыспен қамту екені белгілі.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына барлығы – 1082 жас тіркелген, 505 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде қоғамдық жұмысқа — 106 жас, 285 жас — «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмыспен қамтылса, 40 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 17 жас ірі қара мал бағытында несие алса, 89 жас – кәсіби оқуға, 117 жас «Бизнес-Бастау» курсына жолданды. Сондай-ақ, бұрыннан шаруа қожалықтарда келісім-шартсыз жұмыс жасап жүрген 38 жас қожалық төрағаларымен арнайы шартқа отырып, зейнетақы жарнасы аударылатын, айлығы көрсетілетін келісімге келді.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен аудан әкімдігі арасында келісілген жұмыспен қамту шараларының көрсеткіштері толығымен орындалып отырғанын айтқым келеді. Кәсіпкерлік саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 441 жас өз кәсібін ашу мақсатында тіркелген. Бұл аудан жастарының 3,2 пайызына тең. Биылғы жылы елімізде жарияланған Жастар жылына орай аудандық кәсіпкерлер палатасында «Жас кәсіпкер» атты екі кезеңдік кәсіпкерлікке баулу мақсатындағы оқыту курстарынан 100 жас, «Бастау» курсынан 117 жас өтіп, білімдерін шыңдап, сертификаттарға ие болып отыр. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданда жастардың қатысуымен бірқатар шаралар жүргізілуде.

Аудан бойынша барлығы 38 жас жылқы және ірі қара мал бағытын дамыту мақсатында 124 миллион 500 мың теңге несие алып, өз кәсібін бастап отыр. Ағымдағы жылдың тоғыз айында аудан жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында жаңадан кәсібін бастаушыларға арналған 3 миллион теңгеге дейін жаңа идеяларды қолдауға арналған қайтарымсыз гранттар берілетіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде, 31 жас құны 99 миллион 465 мың 614 теңгені құрайтын жобалар ұсынған. Бүгінгі таңда комиссия қорытындысына сәйкес, барлығы 15 жоба қолдау тауып, ауданға 32 млн. 500 мың теңге инвестиция тартылып отыр. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда «Жуалы чикен» орталығы ашылып жұмыс жасап жатса, «Робототехника курсы» алдыңғы аптада ашылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аудан жастарына арналған екінші бағдарлама шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 505 мың теңгеден 42 жасқа беру жыл басында жоспарланса, бүгінгі күні Жастар жылына орай 136 жасқа көбейіп қосымша жобаларды қаржыландыру мақсатында қаражат бөлініп отыр. Аталған бағдарламаға 197 жас қатысып, оның ішінде 136 жастың жобалары қолдау тауып, барлығы 68 млн. 175 мың теңге қайтарымсыз қаражат төленді. Сондай-ақ, Билікөл ауылдық округінде бастау курсынан өтіп жатқан ауыл тұрғындарына арнайы жаңа бизнес бастамаларға 10 млн. теңге бөлініп отыр. « Д и п л о м м е н — а у ы л ғ а ! » бағдарламасымен тұрғын үй алушы 18 жас маманға барлығы 68 175 000 мың теңге бөлінсе, ал біржолғы көтерме жәрдемақымен қамтылатын 43 жас маманға 7 423 000 мың теңге қаралып отыр. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы арқылы 46 жас көтерме жәрдемақымен, 19 жас тұрғын үймен қамтылып отыр. 2019 жылдың тоғыз айында и н д и к ато рл ы қ к ө р с ет к і ш те рд і ң қатарында бекітілген жастарға кеңес беру шаралары бойынша 2425 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолдануда.

Кеңес алуға келген әрбір жасқа мемлекеттік бағдарламалар туралы жетік түсіндірме беріліп, нәтижесінде, 500-ге жуық жас жұмыспен қамтылып, 87-ге жуық жас кәсіпкерлік ашуға өтінім білдірді. Сондай-ақ, мекеменің бастамасымен Қошқарата, Көлтоған, Жетітөбе, Жаңаталап, Нұрлыкент, Б.Момышұлы ауылдарында кеңес беру алаңдары ұйымдастырылып, оған 800-ге жуық ауыл жастары мен тұрғындар қатысты. Осы жылы аудан жастарының қатысуымен барлығы 655 әртүрлі бағытта іс-шара ұйымдастырылды, — деген Мейіржан Бегасылұлы алда атқарылатын жұмыстарды да атап өтті.

Жұмыс алгоритмі аясында өткізілген жиын барысында аудан әкімі Нарбай Ергебеков сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөлі, олардың кәсіпкерлік саласына бет бұруы маңызды екенін айтып, кәсіби жастардың «Профи-2019» облыстық байқауының І, ІІІ орын иегерлері Балжан Байсымақ және Мадина Қошмаханды, одан бөлек, бірқатар жастарды Алғысхатпен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.