Фото:inform.kz

Осы уақытқа дейін облысымыздағы 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер латын әліпбиін үйрену бойынша курстардан өткен. Енді тәрбиеші мен мұғалімдерден бөлек, ІТ саласының мамандары да жаңа әліпбиді үйрену үшін курсқа қатысуды жоспарлап отыр. Үйренуге ұзақ уақыт керек дегендердің барлығы аз уақыт ішінде латынша оқуды оп-оңай меңгеріп жатыр дейді тіл мамандары. Жаңа әліпбидің оқытылуы туралы арнайы жиынға барған тілші толығырақ баяндайды.

 Бүгінгі күні өңір бойынша арнайы курстан өткен, латын қаріпін үйрете алатын 80 маман бар. Бұған дейін олар мемлекеттік қызметкерлермен жұмыс істесе, енді тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдерімен дайындықты бастамақ. Тренинг кезінде қатысушыларға емле-ережелерді, оның ерекшеліктері мен шет тілден енген сөздердің жазылуы үйретіледі. Мамандардың сөзінше, курстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың оқу және көру дағдысын қалыптастыру.

Гүлхан ӘЛІМБЕКОВА / «ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ

Біздің осы стеоретипті жойғандарыңызға үлкен алғыс білдіреміз дейді. Өйткені латын әліпбиі былай айтқанда қиын деп айтқанымен, ол үйреніп, оқып жазған кезде ешқандай қиындығы жоқ екендігіне көздері жетеді.

Дегенмен латын әліпбиінде әлі де өзгерістер қажет екендігін ғалымдар да мойындайды. Атап айтқанда ү, ұ, ө тәрізді төл дыбыстардың жазылуына қатысты пікірталастар бар. Ақпараттық-технологиялық инновацияларды игеру үшін латын орфографикасының жалпыға ортақ заңдылықтары сақталуы тиіс дейді мамандар. Қоғамда қызу талқыға түскен мәселеге қатысты ұсыныс-тілектер, келіспеушіліктер болуына байланысты жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Зиба ҚҰЛАМАНОВА / М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ, ОНОМАСТ-ҒАЛЫМ

2019 жылдың аяғына немесе 2020 жылдың басында осы орфографиялық латын әліпбиіне байланысты орфографиялық ережелер қабылданады деп Тіл комитетінде мәселелер көтеріліп, ғалымдар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі әліпбиін жетілдіруді тапсырған еді. «Қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек» деген еді ол твиттердегі парақшасында. Яғни ресми түрде бекітілген  әліпби жоқ екендігін ескеру қажет.

Ақсәуле ӘБітай, Шыңғысхан Кеңесхан 77ньюс