Тараздағы«Бәйтерек» мөлтек ауданының  тұрғындары наразылық білдіруде. Айтуларынша, олардың баспана жайына қатысты қордаланған мəселелері көп. Ең басты бұқара базынасы – алты қабатты баспананың жарамсыз жеделсатысы. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

2009 жылы мемлекет мүгедектерге, көпбалалы аналармен Ауған соғысы ардагерлеріне үлестіріп берген баспана бұл. Алайда халықтың қуанышы көпке созылмапты. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйдің жеделсаты бір жетіге жетпей ақ істен шыққан.

 Айман КЕРІМБАЕВА/ТҰРҒЫН

//Менің өзімнің ДЦП балам бар 23 жасар. Лежачий. Коляскаға отырғызып, сүйресе болады. Бұрын жас кезімде арқама көтеріп шығатынмын. Кейде күйеуім көтеретін. Қазір енді жылдан-жылға жасыма жас қосылып жатыр, балам да салмақ қосып, бойы да өсіп.  Баламды далаға шығара алмаймын.  Қалалық әкімдікке кіре алмаймын. Зам әкімге талай кіргенмін осы лифт жайлы. Февральдан бері жаңбырлатып та, қарлатып та барамын. Ешкімнің ешқандай көмегі жоқ. Маған осы лифтіні істеп берсе екен деймін. Балам бір мезгіл далаға шығатын.//

Ал,тиісті тарап болса жеделсатыны жөндеуге қаржаттың жоқтығын айтады

СНХ:Ғазиз ЕРАЛИЕВ   /  ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ  БАСШЫСЫ

//Тұрғындар бірнеше рет шағымданған болатын ЖКХ бөліміне. Жобалық -сметалық құжаттама сол кезде лифтті қайта калпына келтіру жөнінде жасалған. Бірақ жергілікті бюджет есебінен сол кезде қаражат бөлінбеді. Бүгінгі күні бір лифтті ауыстыру үшін шамамен 11 миллион теңгедей қаражат керек. Алдағы уақытта бюджетті нақтылаған кезде қарастырып көреміз.//

Қарашаны қынжылтқан тағы бір мәселе бар. Көпқабатты үйдің бүтін бір қабырғасы қақырайған. Жауаптылар, тұрғын үй белгілі бір кооперативтінің құрамына кіргенде ғана көмектесе аламыз дейді.

Ғазиз ЕРАЛИЕВ /  ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл жерде енді тұрғындардың немқұрайлығы болып тұр. Ең бірінші, пәтер иелері кооперативтің құрамына кіру керек болмаса сервистік компаниямен келісім шартқа тұру керек.  Әр кондоминиум объектісіне екі шот ашылуы керек. Бірінші ағымдағы шот ол күнделікті сол үйдің абаттандыру, есік алдын сыпыру, тазалығын сақтау, жылыту маусымына дайындау жұмыстары сол ағымдағы шотта жиналған қаражатқа жасалуы керек. Екінші барлық үйлерді алдағы болашақта болатын күрделі жөндеу жұмыстарына жинақтау шот  ашылу керек. Қазіргі таңда нақты бюджет тарапынан қарастыруға мүмкіншілік жоқ.//

 Үй ауласындағы шұңқыр мәселесі де тұралап тұр. Іші толған қоқыс.Онымен қоса  жаңбыр жауса, лай-батпаққа айналады.Тіпті ойын алаңы да дəл жанында. Бұқара бұл мәселеге жұмысын толыққанды бітірмеген мердігер мекемені кінәлайды. Алайда, бұл үй  мерзімі бітіп, жұмыс істеген құрылыс компанияның қарамағынан шыққан. Ал, жауапты қалалық тұрғын жай коммуналдық шаруашылық мемлекеттік мекемесі бұл мәселеге жауап беруден бас тартты.Тұрғындар үйімізде жайлылық қашан болады деп болашаққа алаңдайды.

Ұлдана ЖҰБАЙ, Шыңғысхан КЕҢЕСХАН, 77 Ньюс