Фото:aikyn.kz

«Елдік елге байланысты». Облысты қамтыған қоғамдық форум Мойынқұм ауданында жалғасты.

Аталған форум  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асты. Оған жергілікті зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, мешіт имандары, үкімет емес ұйымдар мен жастар қатысып, орамды ойларымен бөлісті.  Жиында  діни жоралғыларды жасаудағы ысырапшылдыққа жол бермеу, үлкенге  құрмет  жасау, кішіге ізет көрсету, ақасақалдықтың абырой – беделін  биіктету, тәрбие басы тал бесіктен басталатынын және той мәдениетін жаңғырту  сынды мәселелер көтерілді. Аудан әкімі Мұсаев  көтерілген мәселелер төңірегенде өз пікірін білдіріп, жиынды қорытындылады. Форумда  қабылданған Үндеуді аудан  тұрғындары  бірауыздан  қолдайтындықтарын  жеткізді.

Махметәлі ТОҚСАНБАЕВ    /  МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Форумдағы көтерілген мәселелер өте өзекті.  өте маңызды деп санаймын.  Қазіргі қоғамдағы жағдайларға байланысты жастарымыздың өсуіне үлкен әсер етеді деп ойлаймын.  Әсіресе, еліміздің  салт-дәстүрін қайтадан жандандырып,  өткізетін шаралардың  уақытылы, созбай өткізуіне әсер етті…/

  Бабақұл ҚАРСЫБЕК /  МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

…Береке-бірлік болмаса — ел болмайды.  Бұл береке бірліктің бастауы   қазақи салт-дәстүрден,  үлкенге құрмет, кішіге ізет болса,  әрбір отбасыда тәлім-тәрбие жақсы болса,  біз келешек ұрпағымызды тәрбиелейміз.  Соларға жол көрсетеміз. Біздің ізімізді, біздің жолымызды басатын солар деп есептейміз….