Жуалы ауданы, Күйік асуында апатты жағдай орын алды. Тасжолдың тәлкегімен «Запорожец» маркалы автокөліктің табаны тайып жолдан шығып кеткен. Төбесінен төңкеріле барып тоқтағанымен қоймай артынан жалынға ораныпты. Бұл «Қыс-2019» республикалық командалық штабтық  жаттығу барысында төтеншеліктерге берілген алғашқы тапсырма. Расымен де қытымыр қыстың қылығы басталар уақыт таяу. Ал құтқару қызметі қыстық  кезеңге  дайын ба? Толығырақ тәжірибе алаңына барып қайтақан тілшіміз Нұрлан Әбдікәрім тарқатсын.  

Оқу-жаттығу жұмыстары Батыс-Қытай, Батыс- Европа автодәлізінде орналасқан уческеде 3 бағытта жүргізілді. Алғашқысы «Күйік» асуында жол апаты салдарынан туындаған кептелісті жойып, құтқару жұмыстарын жүргізу болды. Мұнда арнайы топ  жалынға оранып жатқан көлікті қауіпсіздендіріп, жеңіл көлік және автобус қақтығысын қарады.Бұл тәжірибе барысында мамандар қыстың  қарашаға жасайтын мұндай қысымын қайтаруға дайын екендіктерін дәлелдеді. Тас жолда тайғақ кешкендерге көмектесу үшін төтеншеліктердің техникалық  жасақтары да қалыпты екені байқалды.

Содан кейін қатты боран салдарынан айдалада  адасқан аңшы мен малшыларды  іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта жоғалған жандарды жедел табудың мүмкіндігі молайғаны бар. Айтар болсақ мамандар  жерден ғана емес көктенде арнайы дрондар арқылы ғайып болған адамды қарайлай алады. Айта кетейік бұл құрылғының қуаты 8 сағатқа жетеді.

Асқар ӘБІШОВ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

Іздестіру жұмыстарында осыны қолданамыз. Мүмкіндігі – 500 метрге дейін көтеріледі, 45 км қашықтықта. Және бейне камерасы 10 есе жақындата алады. Қазірде іздеу жұмыстары орны алған жоқ. Сондықтан жаттығуда ғана қөолданып жүрміз.

Ал  суға түссе батпайтын, жолды таңдап жатпайтын мынадай көліктің  көбейгені көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені бұл алып машина  80км сағат жылдамдықта  кең  даланың сайынан өтіп, тауына дейін бағындыра алады. Қазірде мұндай 3 техника бар екен.

Есжан АҚЫНОВ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНДАҒЫ БАС ҚҰТҚАРУШЫ

Бұл Трекол Ресейде жиналады. 8 адам сияды.Суда 1-2 м тереңдікте жүре алады.

 Қаhарлы қыстың қатты желі электр желісінің үзілуіне сеп болып та жатады.Бұл бағытта Жамбыл электр стансасының бригадасы апатты жәйтті қалыпқа келтіру бойынша жаттықты.  Осылай үш түрлі тапсырмадан сәтті өткен төтеншеліктер 2019-2020 жылға арналған қысқы кезеңге дайын екендіктерін айтады.  

Мақсат ҚОСЫБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс әкімінің қолдауымен төтенше жағдайларға қажетті техникалардың саны артты. Бұл жергілікті билік тарапынан бізге үлкен қолдау.

Бүгінгі практикалық іс-шараға бас-аяғы 692 адам және 231 техника жұмылдырылды.айта ктеетйік мұндай оқу жаттығулар облыстың барлық аудандарында өткізілді.

 Нұрлан Әбдікәрім, Азат Байтемір «77 ньюс» Жуалы ауданынан