Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Рысдаулет өмірден озды. Ұлт әдебиетіне, журналистика саласына қомақты олжа салған жазушы биыл ғана 70 жасқа толып еді.

 Жуалы жерінің тумасы 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика  факультетін тәмамдаған. 1973-1992 жылдар аралығында «Жезқазған туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Бұдан бөлек,  «Халық кеңесі», «Заң»,  «Егемен Қазақстан» газеттерінің меншікті тілшісі болды.  Сондай-ақ, облыстық «Ақ жол» газетінің Бас редакторы болып қызмет етті.  Тау тұлғаның көркем әдебиет саласында жазған «Жұлдыздардың жарығы», «Күміс белдік», «Желсаз», «Жұлдызды өмір», «Ту ұстаушы», «Құс жолы», «Бақатерек», «Әбдір Сағынтаев» сынды кітаптары оқырманға жақсы таныс. Сондай-ақ, ол соңғы жылдары архив саласында еңбек етіп, туған өлкенің тарихы, аймақ туралы тың деректерді зерттеумен айналысқан болатын.  Жазушы өмірден көрген-түйгенін біздің арнадағы «Туған жер» бағдарламасында берген бір сұқбатында былайша айтқан еді.

 Мақұлбек РЫСДАУЛЕТ  /  ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ

44:06-44:46/ … 70 жаста  ақыл бәрін жеңеді екен. Абай айтпақшы.  Тек еңбекпен ақылға сүйенсен,  шығатың Асқарыңа шығады екенсің.  Мен жастармен жиі-жиі кездесіп жүрмін ғой.  Мен осыны айтамын.  Абайдың: «Тек өзіңе сен, өзіңді алып шығар». Міне, сол еңбек пен ақыл.  Білім ешқашан тозбайды деп жатамыз ғой.  Білімнің шегіне жету мүмкін емес.